Таңертеңгі алған білім миға сіңімдірек

Oinet.kz 07-08-2019 1002

3215_900.jpg

Таңда алған білім миға сіңімді. Миың күні бойғы негативтен ада кез. Көңіліңді өрекпітіп басқа арнаға бұратын позитив те жоқ. Еңсеңді түсіріп, жағымсыз әсер беретін адамдармен әлі амандаспағансың да. Яғни қоғамның күйбеңі мен қызығынан барынша абсенттісің. Абсолютті  тыныштық та осы: иттердің ұйқысының жоғары фазасы болуы керек, үрген дауыстары шықпайды.

Біздің протобабалар тіршілікті іңір қараңғысында бастаған. Мыңдаған жылдар бойғы дағды когнитивті ғадет болып қалыптасқан. Сол мүмкіндікті пайдалану керек. Мидың стратегиялық функциялары да қатты жұмыс істейді, өйткені біздің бабалар кемі бір күнін жоспарлаған.

Егер күнделікті өзіңіздің біліміңізді жетілдіріп жүрген болсаңыз, таңның пайдасы зор екендігін айтқым келеді. Түнде оқығанның эффектісі аз. Себебі екінші абзацта айтылғандай біздің бабалар түнді ұйқыға арнаған. Миыңыз түнгі ұйқыға кетуі тиіс, оған зорлық жүрмейді.

Фаза деген не?
1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасы туралы 10 қызықты деректер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу