Нұрсұлтан Назарбаев 1700 доллар жалақы алады

Oinet.kz 14-07-2019 1696

Screenshot_11.jpg

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамптің алатын жалақысы белгілі болды. Жаңа президент бір ай бойғы еткен еңбегі үшін 1 доллар алады.  Ол 400 мың долларлық жалақысынан ресми түрде бас тартты.  1 доллардан да бас тартар еді, алайда заң рұқсат етпеді.

- Заң бойынша мен кемінде 1 доллар жалақы алуым керек,-деді президенттің өзі.

Президенттік міндетін атқаруға ресми түрде қаңтар айында кірісетін Трамп 400 мың доллар жалақыға қарап отырған жоқ. Forbes журналының бағалауы бойынша оның дәулеті  3,7 миллиард долларды құрайды екен. Трамп АҚШ тарихында өзінің жалақысынан бас тартқан үшінші президент. Мұндай шешімді уақытында Герберт Гувер мен Джон Кеннеди қабылдаған болатын. Олар өздерінің жалақыларын қайрымдылық шараларына аударып отырған. 

АҚШ президентінің жалақысы 400 мың долларды құрайтыны  бұған дейін де айтылып келген. Францияның президенті 240 мың евро, Германияның канцлері 228 мың евро, Ұлыбританияның премьері 199 мың евро жалақы алады. Ал Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жалақысы қанша? 

Өкінішке қарай, Орталық Азия елдері президенттерінің қанша жалақы алатыны туралы ресми ақпарат жоқ. Осындай өзекті сауалға жауап іздеген сарапшылардың  тұмсықтары тасқа тіреліп, Елбасының жалақысын жорамалаудан әріге аса алмапты. Елімізде «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Өмірзақ Шөкеевтің жалақысы 10 мың доллар, яғни президенттің жалақысы одан жоғары болуы керек. Жасалған жорамалдардың түрі осындай болып келеді.   

Дегенмен жоқты бардай, барды құдай ұрғандай етіп көрсетуге құмар Ресей БАҚ-тарында жарияланған мәліметтерге қарағанда, Орталық Азияда жалақысы ең жоғары президент Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан көшбасшысының алатын айлығы 1700 доллар, Өзбекстан президенті 1300 доллар, Тәжікстан басшысы 1100 доллар алады. Орталық Азия елдерінде тек Қырғызстан президентінің қанша жалақы алатыны ресми түрде жария етілген. Оны қайбір жылы президенттің міндетін уақытша атқарған Роза Отынбаева мәлім еткен болатын. 

-Президенттің қанша жалақы алатыны құпия болмауы керек. Қырғыз халқы оны білуі тиіс. Президенттің жалақысы 30 мың сом (бұл сол кездегі курс бойынша 633 доллар. ред.). Қырғызстанда Президент, Премьер-министр, Парламенттің спикер бірдей жалақы алады,-деген болатын Роза Отынбаева.

Тарихи деректерге қарағанда, уақтысында  Ленин 500 рубль жалақы алыпты. Ол қарамағындағы шенеуіктердің жалақыдан басқа табыс көзінің болмауын қатаң қадағалаған екен. Сталин 1952 жылы 10 мың рубль жалақы алып келген. Бұл  елдегі орташа жалақыда 10 есе көп болған. Хрущев 800 рубльді қанағат тұтқан. Одақты ақырғы жетекшісі Горбачев 3 мың рубль жалақымен қамтамасыз етіліпті. Бұл кезде елдегі орташа жалақы 550 рубльді құраған. 

...Назарбаевтың жалақысы елдегі орташа жалақыдан қанша есеге көп болды екен, ә?

Мұрағаттан, 2016 ж

Әлемдегі жылдамдық рекордтары
Әлемдегі ең ұзын сиыр - Кникерс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу