Иллюзиялық көріністер

Oinet.kz 27-08-2019 1900

Иллюзия - адастыру, алдау, өтірік деген мағына береді. Иллюзия бірнеше түрлі болуы мүмкін. Мысалы:

1. Түрлі себептерге байланысты өмір шындығының теріс, жаңсақ қабылдануы.

2. Жалған, орындалмайтын үміт, арман.

3. Оптикалық-геометриядағы Алдамшы көріністер (екі өлшемді контурлық кескін фрагменттері арасындағы метрлік ара-қатынастардың бұрмалануы);

4. Жарық контрасттары (қарама-қарсылық) феномені (сұр, жолақ, қара фонға қарағанда ашық фонда күңгірт сияқты көрінеді).

Қимыл-қозғалыста да иллюзия көп кездеседі. Олар:

1. автокинетикалық қозғалыс (толық қараңғыда байқалатын, объективті түрде қозғалмайтын жарық көзінің ретсіз орын ауыстыруы);

2. стробоскопиялық қозғалыс (қозғалмайтын екі тітіркендіргішті бірінен соң бірін іле-шала көрсеткенде қозғалыс туғандай әсер болуы);

3. индукциялық қозғалыс (қоршаған фонға қарай қозғалмайтын объектінің қозғалғандай болып көрінуі).

Иллюзия оптикалық және физиологиялық себептерін анықтауға көптеген зерттеулер арналған. Иллюзияны сырын дұрыс түсінудің тәжірибелік мәні зор. Мыс., Иллюзия туғызу архитектура мен бейнелеу өнерінде, полиграфияда әшекейлеулерде, театр сахналарын безендіруде (психология жайлылық үшін) жиі қолданылады.

Назарларыңызға осындай иллюзия түрлерінің бірнешеуін ұсынамыз:

Мысалы, мына суретке көз салып көріңіз. Қай солдат өзгелерінен ең ұзыны? Ойланбай оң жақтағы солдат ең ұзыны, одан соң ортаншысы, ал сол жақтағы солдат ең кішісі дерсіз. Олай болса сызғыш алып әрқайсының бойын жеке өлшеп көріңізші.

Swat-cops-optical-illusion.jpg

Ал мына сурет бір қарағанда жай ғана қарапайым сурет болып көрінуі мүмкін. Оның жай сурет емес екеніне көз жеткізу үшін ортасындағы шаршыдан көзіңізді алмай суретті не басыңызды шайқап көріңізші. Не байқадыңыз?

shake.jpg

Қай шеңберлердің түстері бірдей екенін, қандай түсте екенін ажыратып көріңізші. Өз көзіңізге сенбеуіңіз мүмкін, бірақ бәрінің түсі бірдей.

circule-illusion.jpg

Керемет табиғат көрінісі! Келісесіз бе? Ал сіз ондағы жылқылар тобырын байқадыңыз ба? Қанша жылқы бар екен?

mainimage1-624x673.jpg

Сұр түсті фонның ортасындағы қара нүктеге бірнеше секунд қарап отырыңызшы, Сұр түсті фонның жоғала бастағанын байқайсыз.

blacdshrink.jpg

Егер тағы да иллюзиялық көріністер көргіңіз келсе, төменге пікір қалдыруды ұмытпаңыз.


Алкогольге қарсы тест
Ген жайында ғалымдардың қате пікірі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу