Қыз жасауына не кіреді?

Oinet.kz 07-10-2019 6074

Znalezione obrazy dla zapytania приданое

"Қыз жасауы" деген ұзатылатын қызға оның ата-анасының бөліп беретін дүниесі. Қазақтар қызын ұзатарда оны жасауынсыз өзге елге жібермеген. Дәстүр сонау атам заманнан бүгінге дейін қаз-қалпын бұзбай өз жалғасын тауып келеді.

"Қазақта 6 жастан жинасаң артылады, 7 жаста жинасаң жетеді" деп осы қыз жасауын айтқан екен. Әрине бұрынғысынан өзгесі қазір қыз жасауы қалта қағарға айналып барады. Оның себебі бәсекелестік деген өсіп қыз жасауы тек 1 адамның дүниесі емес бір топ әскердің жылдық асы секілді көбейіп барад. Мұның салдары қыз жасауы қазір қыздың беделін жағдайын көрсететінінде болып отыр. Ал ата-аналары қызын құтты жеріне қазықтай қондыру үшін, басын көтеріп жүрсін деп қолында барын, кейде жоғын несиемен алып та беріп жатады.

Сонымен, жасауға кіретін заттар:

- 9 көрпе: 6 жамылшы, 3 төр көрпе. Оның ішінде біреуі «махаббат көрпесі», бір төр көрпе «құдағи көрпесі» болып кетеді. Бәрін бірдей базар көрпе жасауға да болмайды, себебі «анасы қолдан жасатқан көрпесі» екен деген сөз өзіңе де сондай ыстық болады.

- төсек-орын (спальный гарнитур)

- сандық

- 3 көрпе тыстары (апарған көрпелерге сай болуы керек)

- 2 жастық

- 2 кілем: біреуі қыстыратын, біреуі төсейтін есебінде жүреді

- 9 қол орамал: 3 үлкені, 3 қол сүртетін, 3 ас-үй орамалы

- ыдыс-аяқ жинамасы: ішінде жайпақ табақ, шыны бәрі бәрі болуы керек

- қазан, оның түр-түрі

- 2 шелек

- 2 ет табақ

– қасықтар, пышақ (дәстүр бойынша, алып барған әр пышақты жігіт жақ сатып алады қыз жақтан), шөміш, кепсер (бәрін бір набордан табуға болады)

- шәугім немесе электрошәугім, шәйнегімен бірге

- терезе перде (стандартты 3 метр, түсі өзіңіз қалағаны)

- төсек жабқыш (покрывало)

- басқа тағатын орамал, бір 30-40 талын алып қою керек, себебі әр көрпенің ішіне салады

- көйлектік материал, оны да 10-20 әр түрлі материалдан 2-3 метр бөлігінде алып қою керек, әр нәрсені ашқан кісілерге беріп отырады

- пеш нан пісіретін (жағдайыңа қарай)

- электрлі ет айдағыш (жағдайыңа қарай)

- жасауға қоса құдағилар тағатын алтын заттарында алып қою керек: 4 алтын, 5 күміс болуы керек.

- кір жуғыш машина (жағдайыңа қарай)

- газ плита (жағдайыңа қарай)

- шаң сорғыш (жағдайыңа қарай)

- теледидар (жағдайыңа қарай)

- көлік (жағдайыңа қарай)

Айта берсең шегіне жетпейсің, себебі бұл жалпылама ғана, қосамын десеңіз тағы толықтыруға болады.

Әлемдегі қолы жоқ ұшқыш қыз туралы білесіз бе?
Ерекше көліктер (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу