Сатылымдағы өмір

Oinet.kz 08-10-2019 1001

image.png

Сатушы-кеңесшілер, сондай-ақ барлық деңгейдегі сату ісіндегі менеджерлер - бұл көтерме және бөлшек сауда нарықтарында жұмыс істейтін барлық компаниялардағы ең көп талап етілетін мамандар. Сонымен қатар, дәл "сатушылар" арасында - кадрлардың ең жоғары тұрақсыздығы байқалад. Күн сайын жұмыс беру порталдарында миллиондаған вакасиялар дәл осы мамандарды іздейді.

Сатушы-кеңесшілер ең ірі компаниялардың өзінде 5-6 айдан артық тұрақтамайды. Кеткен жұмысшының орнына жаңасы келеді. Ірі компаниялар тіпті жаңа қызметкерлер алғанды тиімді де көреді. Себебі бұрынғы қызметкерлер жұмыстың қыр-сырын біліп алғаннан соң, жалақыны көтеруін талап етуі мүмкін немесе жұмыста көлденең пайданы көздей бастайды деген алаңдаушылық басым.

Тіпті ең беделді дегендеріңнің өзі өз кәсібін осы сатушылықтан бастағандарын айтады. Алайда көтерілгендермен қоса, осы мамандқтай мұздай қатып, 50-60-қа келсе де, сатушылықты атқарып жүргендер бар.

Сатушы-кеңесші алдайды.

Ол, рас. Себебі маманның басты міндеті өз тауарын қалайда өткізу. Компанияның, басшыларды қойған талабы да осы. Сатушы-кеңесші қөз сатылымына қарай пайзбен айлық алады. Олар алдауға міндетті. Әрине, ол барлық сәтте өтірік айтады деген сөз емес. Тек мәжбүрлі жағдайда...

Сатушы кеңесшіге мына қасиеттер сай болуы қажет:

Мақсаттылық, үйрену қабілеті, нәтиже көрсете білу, топпен жұмыс, түр-келбеті, орындаушылық, ұқыптылық, оптимист, тапқырлық, жауапкершілік, сауаттылық, шапшаңдық, сабырлық, сауатты сөйлеу мәнері, әдептілік.

Осы талаптарға сай келсеңіз ғана сізді жұмысқа алуы мүмкін. Алайда бұл тәжірибесіз жұмысқа алатын жалғыз жұмыс орны деуге болады.

Картинг деген не?
Инстаграмды кім ойлап тапты?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу