Бүгінгі күнге арналған жұлдыз жорамал

Oinet.kz 07-09-2020 1198

♈ Тоқты. 

Күннің басы керемет көңіл күймен басталады. Мүмкін жаңа қызығушылығыңыз оянып, бар назарыңызды соған аударатын боларсыз. Бастысы, бұл қызығушылық сізге қуаныш сыйлайды. Ол сурет, ән, би, сахна өнері болуы әбден мүмкін.

image.png

♉ Торпақ.  

Бүгін туған-туыстармен жиі кездесесіз. Отбасыңызда жылы әрі қуанышты атмосфера орнап келе жатыр. Олармен бірге отырып, үлкен мәселелерді ашық талқылайтын сәт туды. Кеште сүйіктіңізбен кикілжің тууы мүмкін. Мұның бәрін ақылмен жеңуге тырысыңыз. Қызбалыққа салынып, жөн-жосықсыз қызғанудың қажеті жоқ.

♊ Егіздер.

 Егіздерді көптеген іс-сапар, жаңа таныстық күтіп тұр. Қоғаммен араласып отырған сізге қатты ұнайды. Бос уақытыңызды мерекеге айналдырып жіберетін қасиетіңіз жаныңызға адамдарды тез жинауға көмектеседі. Серіктестік қатынастар берік болады. Серіктесіңізден зор сенімділік пен жауапкершілікті байқайсыз. Бүгінгі күнді маңызды кездесуге арнасаңыз, артық етпейді.

♋ Шаян. 

Шаяндардың материалдық және қаржылық сұрақтары шешіледі. Бюджетіңізге жалақы немесе басқа табыс көзі қосылады. Көптен ойлап жүрген дүниелерді сатып алуға мүмкіндік туады.

♌ Арыстан. 

 Өз бетімен жетілуге, білім алуға, шығармашылықпен айналысуға өте қолайлы күн. Егер сүйіктіңіз болса, арадағы махаббат беки түседі. Ал ғашығыңыз сіздің махаббатыңызға деген жауабын танытады. Әлеуметтік желіде жаңа достармен танысасыз.

♍ Бикеш.

Бикештер тыныш әрі бірқалыпты күй кешеді. Бұл уақыт аралығында әдеби, психологиялық кітаптар оқып, рухани байып, қуаттаныңыз. Бар күшіңізді рухани тыныштығыңызға бөліңіз. Осы күндері сізден жасырып келген құпиялардың сырын ашасыз.

♎ Таразы. 

 Бүгінгі күн Таразылар үшін сәтті болмақ. Сізді керемет әсер ететін тосынсый мен сыйлықтар күтіп тұр. Тіпті, лотореялық билет ұтып алуыңыз мүмкін. Достардың арасында беріктік орнайды. Достарыңыз кеш ұйымдастырып, шақырса, қалмаңыз немесе өзіңіз бастама көтеріңіз. Көптеген адаммен сөйлесіп, тіл табысу керек.

♏ Сарышаян. 

Бүгінгі күн Сарышаяндар үшін өте қолайлы болмақ. Мансаптағы жағдайыңызды өзгертіп, жауапкершілігі көп тапсырма орындап, сыйақы алуыңыз мүмкін. Сол үшін сіздің лауазымыңызды көтеруі мүмкін. Беделді адамдармен сөйлесу керек. Үлкен байқауға қатысып, жүлделі орынға ие болуыңыз да мүмкін.

♏ Мерген. 

Мергендерді бүгін тосыйнсый күтеді. Бұл шығармашылықпен және қызықты таныстықпен байланысты. Сүйікті әншіңіздің концертіне не саяхатқа шақыру алып жатсаңыз, таңғалмаңыз. Ал күннің екінші бөлінде жұмысыңызда қиындық туындауы мүмкін. Қалауыңыз орындалмаса, мән бермеңіз. Сіз қаласаңыз, ойыңыздың орындалуына қызмет етсеңіз, міндетті түрде орындалады.

♑ Тауешкі.

Тауешкілер бүгін ақшаның исін сезеді. Демек, жуырда үлкен сомаға кез болады. Қарыздарды өтеп, мұқтаждарға көмектесіңіз. Барлық салада тасыңыз өрге жылжиды, кезінде ескіргендерді жаңалап, ескі әдеттерді жоюға тырысыңыз.

♒ Суқұйғыш.

Суқұйғыштар қызметте серіктесінің іс-әрекетіне мән беруі керек. Ал отбасыңызда жарыңыз сіздің көңіліңізге, назарыңызға шөлдеп жүрген болуы керек, бір кезек көңіл бөліп қойыңыз. Той, салтанатты кешке жол түсуі мүмкін.

♓ Балықтар. 

Жұлдыздардың пікіріне қарағанда, Балықтар бұл күні өздерін жайлы сезінеді. Ағзадағы энергетикалық қуаттың басымдылығынан кейбір ауруларды жеңе алады. Бүгінгі күн медициналық тексерістен өтуге қолайлы.

Бүгінгі күнге арналған жұлдыз жорамал
Бүгінгі күнге арналған жұлдыз жорамал
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу