Бүгінгі күнге арналған жұлдыз жорамал

Oinet.kz 29-09-2020 1016

ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ: 20 СӘУІР » Ақмешіт апталығы

♈ Тоқты. 

Қуануға себеп бар. Сүйгеніңізбен бірге боласыз. Ренжітіп алмауға тырысыңыз. Қазіргі уақытта көп жұптар сіздер сияқты тату тәтті емес Көбісі тез қосылып, тез ажырасып жатады.

♉ Торпақ. 

Өз махаббатын жолықтырған торпақ қарым-қатынаста тұрақты болмақ. Сезіміңіз суып бара жатқандай ойда болуыңыз мүмкін, бірақ, бұл - қате пікір. Оны түзеу өз қолыңызда, бірге киноға бару мен романтикалық кездесулер бәрін өз орнына қоймақ.

♊ Егіздер. 

Өте күрделі адамдар. Көңіл күйлері құбылмалы. Кез келген сөздерді жүрегіне тез қабылдайды, себебі олар шын ғашық болатын адамдар.

♋ Шаян.

Шаяндар көздері сондай сұлу! Сондай таза жүрек! Таза жүрекпен сұлу көзбен бүкіл адамдардың жүрегін жаулап алады!

♌ Арыстан. 

Арыстандар аяқ алысы жаман емес. Бәрін сабыр мен шешіп ақылға жүгінесіздер. Азда болса жүрек түкпіріне де үңілгендеріңіз жөн. Қашанға жалғыз жүресіздер. 

♍ Бикеш. 

 Бейтаныс аддамдардан аулақ жүргеніңіз абзал. Күніңіздің жақсы өтуі тек өзіңізге байланысты. Көбірек демалғаныңыз абзал.Достарыңызбен хабарласыңыз, қонаққа шақырыңыз ,сырыңызбен бөлісіңіз. Ал кешкісін сүйгеніңізбен саябаққа серуендеп, таза ауада демалғаныңыз жөн. 

♎ Таразы. 

Ісіңіздің алға басуы сіздің сабырлығыңызға байланысты. Тым ұшқалақтық сізді көп жолдан айырады .Сабырлы болсаңыз сізде бәрі де болмақ. Ақша да , байлық та, көлік те, үй де. Күннің соңында сүйгеніңізден хабар күтіңіз Ол сізді қуантады. Жақсы жаңалығы бар. Сізден асқан бақытты жан болмайды.

♏ Сарышаян. 

Жұлдыздардың шапағатымен бұл КҮН – саған және отбасыңа кіріс КҮНІ болмақ. Материалдық байлықпен қатар рухани байлықты да ойлайтын кез туды. Көп еңбек етсең, жемісін де жейтін сәтті кезең.

♏ Мерген. 

Басқара білу қабілетінің арқасында махаббатта жолы болады. Жалғыз жүрген егіздер үнемі серігін іздеуде асқан белсенділік танытады.Әртүрлі саладағы адамдармен оңай тіл табысады.  Жаңа мүмкіндіктердің есігі ашылып, көп таныстар табады.

♑ Тауешкі. 

Бұл күн қарым-қатынас құруға ең қолайлы уақыт. Егер сіздің ұнатып жүрген адамыңыз болса, онда еш қорықпастан ілгері жүріп, танысыңыз . Себебі бұл кезең барлығы өз жолымен қарқын алатын сәт. 

♒ Суқұйғыш. 

Жақында суқұйғыштардың өмірінде ең ұзақ әрі мәңгі махаббат басталғалы тұр.

♓ Балықтар. 

Балықтар күлкісі әдемі болады. Кез келген кештің көркін келтіруі мүмкін, өте көңілді адам. Өзі әзілдей алмаса, басқаның әзіліне күле алады. Балықтар асқан әзілсүйгіш болуы мүмкін емес. 

Бүгінгі күнге арналған жұлдыз жорамал
Бүгінгі күнге арналған жұлдыз жорамал
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу