Тауық еті харам ба?

Oinet.kz 11-11-2019 1735

Тауық еті.jpg

Ассаламуалейкум! Сізден сұрағым келгені тауық етiн жеу харам ба?

Уағалейкумуссалам!

Жоқ. Шариғаттта харам етілген жан-жануарлар мынадай топтарға бөлінеді. Олар:

а.  Доңыздың еті

ә. Алладан өзге біреу (пұт) үшін шалынған малдың еті.

б. Арам өлген малдың еті.

в. Жыртқыш аңдар тобына жататын қасқыр, арыстан, ит, мысық т.б 

г. Жыртқыш құстар тобына жататын бүркіт, сұңқар, күшіген т.б

ғ. Жаратылысы жиіркенішті тышқан, жылан т.б

д. Шаян, шыбын, өрмекші т.б жәндіктер де харам санатына кіреді. 

Дәлелі: Мына бір аяттар

173) «Шынайы түрде сендерге өлексені, (арам өлген малды), қанды, доңыз етін және Алладан басқаның атымен бауыздалғанды арам қылды»[1]. 

(3) «Сендерге: Өлексе, аққан қан, доңыз еті және Алладан басқаның атымен бауыздалған мал арам қылынды. Бірде буынып, ұрылып, құлап, сүзіліп өлген малдар және жыртқыш жеген мал арам. Бірақ (жаны шықпай) бауыздағандарың басқа. Және тігілген тасқа (пұтқа) арнап бауыздалған мал әрі оқтар арқылы талай сынауларың (бал ашуларың) да арам етілді»[2]. 

Қорытынды: Жоғарыда келтірілген мәлімметтерге сүйене отырып, тауық етінің шариғи тұрғыдан адал екендігін айтуға болады. 

Құрметпен,  ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі

«Кул…» сүресінің пайдасы туралы
Шайтанның құратын 3 психологиялық тұзағы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу