Мәйітті жөнелту

Oinet.kz 01-04-2021 1204

image.png

Шиш пайғамбар Адам атаны жерлегенде, құбылаға қаратып, қолын айқастырып қойыпты. Мәйіттің қолын айқастырып салу содан қалыпты. Адам атаны үш қабат кебінмен, Хауа анамызды ақтық сапарға шығарарда бес қабат кебінмен арулапты. Оқиға былай болыпты деседі.

Адам ата мен Хауа ана бидайды жеп күнәлі болған соң, Тәңірі ол екеуін жұмақтан қууға әмір етеді. Сол кезде Құдайдың халифасына періштелер бата алмай тұрып қалады. Жиде ағашы ғана Алланың әмірін екі етпеймін деп, бұтағымен бас салып, киімдерін түгел шешіп алыпты. Сол кезде жалаңаш қалған екеуіне жаны ашыған інжір ағашы бұтағынан сегіз жапырақ жұлып беріпті. Себебі оның белінде Мұхамбет пайғамбардың нұры бар еді. Адам ата үш жапырақтан киім тігіп, әуретті жерін жасырыпты. Хауа ана бес жапырақпен ұятты жерін түгел жабады. Содан бастап, әйелдерге ұятты жерін жауып жүру уәжіп болыпты. Осыған орай, күні бүгінге дейін, марқұм болған ер адамды үш қабат етіп кебіндесе, әйел адамның ұятты жерін жабу үшін, бес қабат кебінмен жөнелту парыз болыпты. Шиш Адам атаның мәйітін үйден аяқ жағымен шығарады. Үйдің босаға алдында кішкене кідіртіп, мәйітпен қоштасқан екен. Марқұмды үйінен аяқ жағымен алып шығу Шиш пайғамбардан қалған сүндет деседі.

Бұл ырым өлім қайталанбасын, марқұмның арты қайырлы болсын дегенді білдіреді. Мәйітті жерлеген соң Шиш пайғамбар, кешке төрт бас намаз оқыпты. Бұл «Ысқат» намазы деп аталады. Мұны да Шиштің сүндеті деп айтады. Қазір кей жерлерде, өлікті жер қойнына тапсырған соң, құптан намазында Ысқатты оқиды.

​Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре
Дуалау деген бар екен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу