«Әйелдің сән салтанаты» (қисса)

Oinet.kz 14-01-2020 603

image.png

Адам ата мен Хауа ана тыйым салынған жемісті жеп, жұмақтан қуылады. Алланың әмірімен періштелер Адам атаның басындағы тәжінен бастап інжу-маржан әшекейлеріне дейін түгел алып қояды. Хауа ананың сәнді бұйымдарына тиіспейді. Оның дүр-жауһар сақинасы, інжу-маржан тәжі, лағыл моншақтары, сәнді бояулары бәрі сол қалпында қалады. Адам ата:

– Иә, Алла, неге менің сән-салтанатымды тартып алдың да, Хауаға тиіспедің? – деп сұрайды. Тәңірі тағала:

– Әй, Адам, сен күн болсаң, Хауа – сенің шұғылаң. Ер-азамат – әйелдің қорғаны. Негізгі жауапкершілік сенің мойныңда. Хауаны саған нығмет етіп жараттым. Сенің кесіріңнен оны жазаласам, менің Әділдігім қайда қалады? — дейді.

Әйелдің әдемілікке, әшекейге құмар болатыны, алтын жүзік, күміс сырға тағынса, ажарлана түсетіні содан екен.

«Отбасы хрестоматиясы»

Ұлықпан мен Әзірейіл (қисса)
Жүкті әйелдің жүзінен нұр еседі (аңыз)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу