«Аналар — өз баласының жауы»: Қорғаушы жыныстық зорлыққа тап болатын ер балалардың көптігін айтты

Oinet.kz 12-06-2025 441

Белгілі құқық қорғауды Ләззат Рақышева желідегі парақшасында жыныстық зорлыққа тап болатын қыздармен қатар ер балалардың да өкп екенін жазды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_10.jpg

Жазуынша, көмек сұрап жазған аналардың өзі жеме-жемге келгенде сөздерінен айнып кетеді екен. 

«Өкінішке орай, жыныстық зорлық көретіндер қатарында ұлдар да көп. Біздің орталыққа жиі хабарласады ұлдар көмек сұрап. Қорғауымызда қәзір 7 жасар ұл бар өгей әкесінің ағасынан зорлық көрген. Оның алдында 14 жасар және 15 жасар ұлдармен жұмыс істедік. Ер адамдар да хат жазады бала кезде зорлық көргенін айтып. Қазір олар балалы-шағалы болса да, сол жайтты ұмытпағандарын, өмір сүргісі келмейтіндерін айтады. Кейбіреуі сол зорлық салдарынан отбасын құрмайды да. Осы ретте ата-аналар сақтық шарасын қыз балалармен ғана емес, ер балалармен де жүргізгені абзал. Ұлды да, қызды да бөтеннің жанына жалғыз қалдырмау керек, көз алмай бақылау керек баланы.

Мысалы, біздің "Бір қадам" орталығынабір әйел 7 жасар ұлым зорланды деп хабарласты. Айтуынша, ұлын күйеуінің туған інісінің ұлы зорлаған. Мен тиісті жерлерге хабарлап, әлгі әйел мен баласына психолог көмегін ұсындым. Полицияға арыз жазуға көмектесейін дедім. Полиция алдына барған кезде әлгі әйел сөзінен айнып кетті. «Өтірік айттым» деп қолхат жазып беріпті. Істің ақырын ешкім тексермеді. Баланы проктологқа апару керек еді, өйткені анасы баланы артынан зорлаған деді. Іс қозғалмай қалды. Мен бұл жерде әйел өтірік айтты деп ойламаймын. Ол баяғы жалған ұятты жамылып, туыстың сөзін тыңдап, әркімнің ықпалына иіліп, туған баласын жер қыла салды. Мұндай аналар өз баласының жауы деп есептеймін. Олар баласының ғана емес, қоғамның да жауы. Өйткені бір азғынның бостандықта тайраңдап жүруіне мүмкіндік беріп, тағы көптеген ұл мен қызыдң өміріне қауіп төндіріп отыр», - деп жазды құқық қорғаушы.

«Қалай әділдікке жетсем болады?»: Бұрынғы күйеуі соққыға жыққан келіншек көмек сұрады
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу