«Қалай әділдікке жетсем болады?»: Бұрынғы күйеуі соққыға жыққан келіншек көмек сұрады
Белгілі құқық қорғаушы Ләззат Рақышеваға бұрынғы күйеуінен жәбер көріп жүрген әйел көмек сұрап жазды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Айтуынша, бұрынғы күйеуі ажырасып кетсе де, әйелдің төркініне келіп қол көтерген.
«Былтыр наурыз айында күйеуімен заңды түрде ажырасып едім. Ажырасуымыздың негізгі себебі – ішімдік және ойынқұмарлығы, үйге ақша әкелмейтіндігі. Сол кісінің әке-шешесінің қолында тұрдық. Ішіп келіп, қол көтеретін ажырасқаннан кейін қайта-қайта әке-шешемнің үйіне келіп, мені соққыға жығып, боқтап жүрді. Әке-шешем: «Егер тағы да қайталасаң, милиция шақыртамыз» дегеннен кейін қойды. Алиментін төлемейді, сол үшін әкелік құқықтарынан айырып беріңіздер деп сотқа бердім. Бірақ сотта ол жалған ақпарат берді. Сондықтан сот, прокурор, опека соның сөзін сөйледі. Енді мен қалай әділдікке жетсем болады?», - деп жазды ол.