«Мамам барлығын біледі»: Өгей әкесінен қорлық көрген 17 жастағы қыздың ісін неге жауып тастаған
Белгілі журналист Жазира Бегалы Алматы облысы Қарасай ауданында тұратын 17 жастағы жасөспірім қыздың жазбасын жариялады, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі.
Журналист жанайайқайын желідегі парақшасында білдірді.
Жасөспірімнің айтуынша өгей әкеден қорқып, бірнеше жылдан бері терезе, есіктерді қымтап, бекітіп жатады. Бірнеше жыл ұйқыдан айырылған.
17 жасар қыз өз хатында:
"Менің атым … 17 жастамын Алматы қаласы Қарасай ауданында тұрамын. Мені 2 классымнан бері өгей әкемнен зорлық зомбылық көріп келемін. Үйімде 5 ағайындымыз. Мамам ол кісімен 2015 жылы отау құрған. Бастапқыда бәрі жақсы болған еді. Мен ол кезде апа-атамнаң қолында болдым. Кейін мамамның жанына келдім, басында ештенке жасамайтын, бірақ уақыт өте келе ойы өзгеріп маған тиісе бастады.
Тиіскен дегенім нақтырақ айтқанда жыныс мүшелерімді ұстайтын. Ұятсыз видеоларды көрсететін маған, күнде тиісетін. Мамам барлығын біледі, көргенде бірақ ешқандай әрекет жасамайды.
Тіпті ештенке деп айтпайтында мамам ғана емес, апа, атам, ағам барлығы біледі!", - деп жазған.
Журналистің айтуынша, құқығы тапталған қыз тіпті үйге барғысы келмейді екен.
"Қазір жасөспірім үйге бармаймын деп жылайды. Кешеден бері жасөспірімді тыңдап, қан қысымым көтеріліп кетті. Апталдай еркек азығына ұмтылған арыстандай қызды мазалап жатыр.
Қызды тыңдаған сайын жүрек тілім, тілім болды. Осындай қорғансыздың құқығын кім қорғайды? Полиция тергеуді неліктен тоқтатқан? Мынау жас қыздың тағдырын ойыншық қылып, балта шабуға өгей әкенің құқығы бар ма? Өз қызын қорлауға жол берген ананың әрекетіне қандай баға бересіз?
Жасөспірім өгей әкесінің әрекетін айтып, полицияға шағымданған. Алматы облысының полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты істі қысқартып тастаған", - деп жазды журналист Жазира Бегалы.