Қадір түнін қалай өткізген дұрыс?

Oinet.kz 16-03-2026

2026 жылғы Рамазан айының күнтізбесіне сәйкес, бүгін  Қадір түні. Яғни қасиетті күн  наурыздың 16-нан 17-не қараған түнге түсіп тұр. Ислам дінінде «мың айдан да қайырлы» деп ұлықталатын бұл түн – рухани жаңару мен тілектердің қабыл болатын уақыты.

image.png

Қадыр түнін қалай өткізген дұрыс?

Ниет ету және дәрет алу:

Түнді құлшылықпен өткізуге шын жүректен ниет етіңіз.

Дәрет алып, таза киім кию ұсынылады.

Намаз оқу:

Қажет намаздары: Қадыр түнінде нәпіл намаздарын көп оқу – сауапты амал. Төрт немесе екі рәкат етіп бірнеше рет оқуға болады.

Тәһәжүд намазы: Түнгі уақыттағы арнайы намаз.

Құран оқу және тыңдау:

Құран Кәрімнен бірнеше сүре оқу немесе тыңдау өте сауапты.

Оқыған сүрелердің мағынасын түсінуге тырысыңыз.

Дұға жасау:

Алладан кешірім сұрап, өзіңізге, жақындарыңызға және күллі адамзатқа жақсылық тілеңіз.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Қадыр түні мына дұғаны оқуға кеңес берген:

«Аллаһумма иннәкә афууун, тухиббул афуа фағфу анни»

Мағынасы: «Уа, Алла! Сен аса кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің, мені кешіре гөр!»

 Тәубе және истиғфар:

Өткен қателіктеріңіз үшін Алладан кешірім сұраңыз.

«Астағфируллах» деп жиі айту ұсынылады.

Садақа беру:

Қадыр түні садақа беру – үлкен сауап. Бұл мұқтаж жандарға көмек көрсету арқылы жүректі жұмсартуға септігін тигізеді.

Зікір айту:

Алланы еске алу арқылы жүректі тыныштандыруға болады. «Субханаллах», «Әлхамдулиллах», «Аллаху Акбар» деп зікір айтуға кеңес беріледі.

Қадыр түніндегі негізгі ниет:

Бұл түнді рухани тұрғыдан тазару, кешірім сұрау және Аллаға жақындау мақсатында өткізу маңызды. Жүректен шыққан шынайы дұға мен ізгі амалдар қабыл болады.

Білімі де, құзіреттілігі де жоқ: Исламтанушы Нұрлан имам туралы шындығын айтты
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу