Айгүл Иманбаева: «Өлер болсақ - орнымыз Кеңсайда»

Oinet.kz 17-01-2020 3435

Танымал әнші, актриса Айгүл Иманбева әншілер қауымына арналған мемлекеттік жеңілдіктерді атап өтті, деп жазады Oinet.kz тілшісі Shownews.kz порталына сілтеме беріп.

Айгүл Иманбаева.jpg

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алған Иманбаева:

«Еңбек сіңірген қайраткердің» материалдық тұрғыдағы жеңілдігі қатты ауырып қалсаңыз президенттің емханасында тегін емделесіз. Өліп қалған жағдайда Кеңсайдан орын дайын. Иә, осы екі жағдай! (күледі) 2015 жылдан бастап бұл мүмкіндіктерді де алып тастады. Қазір шынымен де пайдасы жоқ шығар. Кейде кім көрінгенде алып жатады. Еңбектенген әріптестерің алмай, басқа біреулер алып жатқанда өзің ойланып қаласың. Атақтың кұны не болып кетті деп ойланатын кездер болады», – деп ағынан жарылды. 

Естеріңізде болса, жыл соңында марапатталған өнер майталмандарының тізімін жариялаған болатынбыз.

Әбунасыр Серіков: «Алла Тағала әкеліп сол науқасты берді»
Қоянбаев миллиардер атанды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу