Ләйлә Сұлтанқызы әже атанды

Oinet.kz 18-06-2020 3555

Белгілі отандық журналист Ләйлә Сұлтанқызы жолдасының бірінші отбасымен жақсы араласатындығын жеткізді, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. 

image.png

- «Ләйлә әжемін». Қайрекеңнің үлкен ұлынан тараған Немереміз Ажар 14-ке келді. Үлкен ұлым Сағадат, Ажардан 2-3 ай кіші. Бәрі қатар өсті. Қызығушылықтары да бір. Бір үйдің балаларындай. “Қайрекең үлкен балаларым дүниеге келгенде өзім де жас болдым ба, көп нәрсені түсінбеген шығармын, мыналарға (немере, ұлдары) қарап әрбір сәтіне куә болғым келеді” дейді. Немере де тәтті, балалар да тәтті. Келіндерім құрбымдай. Динара да, Малика да көрегенді, текті жерден екені сөзімен, ісімен көрінеді. Құдағиларыма рақмет. Бірінші рет оларды әке-шешесі Астанаға қыдыруға жіберген ғой. Олармен біз де мәз болдық. Ертең-ақ бұл балалар өседі, кім қайдан, қалай деген сұрақтар емес, естерінде бір-бірімен өткізген қызықты шақтары қалады.Қан жақындығы, бауырмашылдықтары, жаны ашып, болысуы. Ұлдарым мен немерелеріме қарап осыны түсінгендеймін, - дейді журналист. 

Ринат Зайытов: «Митингке шықпаймын...»
Мирас Бекжанов: «Құралай сәбиіміз қыз екенін айтқанда қатты ұрыстым»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу