Алтынай Жорабаева неліктен енесімен бірге тұрғысы келмейтіндігін айтты

Oinet.kz 10-07-2020 5003

Жақында ғана екінші рет тұрмысқа шыққан танымал әнші Алтынай Жорабаева өзінің отбасылық өмірде бақытты екенін көпшілікке жариялап үлгерді. Белгілі әнші неліктен енесімен тұрмайтынын жасырмай ашық айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі

5ec5a71b33693399025214.jpg

Бұл туралы әнші сұқбаттарының бірінде бүкпесі ашық айтты. Дегенмен, әнші енесімен бірге тұруға қарсы емес көрінеді. Оның айтуынша енесі өздері үйреніп қалған жерінен қалаға көшіп келгісі жоқ.

Біз өнер саласында жүргендіктен, ол кісілер бізге келмейді. Олар өздері тұрып жатқан жерге үйреніп қалған. Ал Шымкентте біз тұра алмаймыз. Бұл шығармашылығымызға кедергі келтіреді. Мұнда ешқандай да қиындық жоқ. Қандай жағдай болмасын түсінісуге болады ғой”, – деп әнші бүгінде тату-тәтті өмір кешіп жатқанын тілге тиек етті.

Нұрболхан аяғы ауыр сұлу келіншегін көрсетті
«Мұсылман емес»: Баян Алагөзова күйеуі туралы шындық жариялады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу