Марат Омаровтың ұлы некесіз туған қызын үлкен балаларымен таныстырды (фото)

Oinet.kz 28-07-2020 3527

Қазақ эстрадасының жұлдызы Марат Омаровтың некесіз туған немересі бауырларымен кездесті. Белгілі композитордың ұлы кішкентай Көзайымды бірінші некедегі балаларымен таныстырған. Азамат Омаровтың үлкен ұлы мен қызы оны жылы қарсы алып, бірден тіл табысып кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме берген Oinet.kz тілшісі.

image.png

Азамат Омаровтың некесіз туған қызын өзінің үлкен перзенттерімен таныстырғаны туралы әлеуметтік желілерден белгілі болды. 

Instagram парақшаларда Көзайымның бауырларымен кездескен сәтінен суреттер тарап кетті. Фотода Азамат Омаровтың бірінші некеде туған қызы мен ұлы кішкентай Көзайымды құшақтап тұрғанын көруге болады. Екі жақта өсіп жатқан балаларын таныстырған әкенің қылығы қалың көпшілікті тәнті етті. Желі қолданушылары Марат Омаровтың ұлына мақтау сөздерін жаудырып, оған бұл әрекеті өте дұрыс болғанын айтты. 

"Азамат жарадың. Мақтауға тұрарлық іс. Қызың әкеңнен аумайды. ДНҚ тесті де қажет емес. Келіншегің кешірсе, данагөй болғаны" , "Туғандар ,бір əкенің балалары етжақын туыстар ғой. Аналары бір бірімен тату, араласып тұрса несі айып?! Аз ғұмырда сыйластыққа не жетсін" , "Бірінші әйелі ақылды екен. Сен де жарадың Азамат. Нағыз ер азаматқа тән әрекет" , "Балалары араласқаны дұрыс" , "Бастысы аман болыңдар. Татулықтарың ажырамасын" , "Періштелер кішкентай Көзайымды жылы қарсы алғаны көрініп тұр. Құшақтап тұр" , - деп жазуда көпшілік. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Көзайым естеріңізде ме? Марат Омаровтың некесіз немересі... Айтайын дегенім, Азамат Омаров мықты. Бірінші әйеліндегі ұл мен қызын Көзайыммен таныстырыпты. Даурен Айдаркулов бірінші әйелінен қорқып, балаларын бір-бірімен көрістіре алмай әлі жүр. Айқын мен Азамат жарадыңыздар #айкын #кешью #акботанур #маратомаров #заринаомарова #азаматомаров

Публикация от Жұлдыздар туралы жаңалықтар (@qaz.stars)

Баян Мақсатқызы министрлік туралы бар шындықты жайып салды
Ләйлә Сұлтанқызы марқұм ағасына әсерлі жазба арнады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу