Мақпал Жүнісова Ақжол Мейірбековпен құда болды (видео)

Oinet.kz 24-08-2020 14034

Мақпал Жүнісова Ақжол Мейірбековпен құда болды. Әнші сіңлісін өз қолымен ұзатты. Желідегі жұрт құдаласқан қос әншіні құттықтасып жатыр. 

image.png

Мақпал Жүнісова мен Ақжол Мейірбеков құдаласты. Жүнісованың сіңлісі Ақжол Мейірбековке келін болды. Бұл туралы халық әртісі желідегі парақшасында хабарлады. 

Әншінің жаңа қырын байқаған желідегі тыңдармандары таңғалысып жатыр. Халық әртісі өзінің туған сіңлісінің қызын өз қолымен ұзатты. 

- "Бүгін таңғаларлық жайт. Алланың сынағынан кейін, ұзақ уақыттан кейін қуанышты күн. Мақпал Жүнісовамен құда болып жатырмыз", - деді Ақжол Мейірбеков. 

Мақпал Жүнісова туған сіңлісінің қызы Фаризаны оң босағадан өз қолымен ұзатып, шығарып салды. Әнші "Аппағым"  атты әнін шырқап, көпшіліктің жүрегін елжіретті. Желідегі парақшасына ұзату тойының үзіндісін өзі жариялады. 

Желідегі көпшілік әншіден кімді ұзатып жатқанын жаппай сұрап жатыр. Енді бірі карантин уақытында не себепті той жасап жатқанын айтып даурықты. 

- "Фарида деген кімнің қызы? Жақыныңыз ба?", "Бақытты болсын, сұлу қыз екен", "Сізге ұқсайды екен", "Әніңіз қандай тамаша", "Әніңіз әсерлі екен, даусыңыз да керемет", "Кімнің әні, дәл қазіргі көңіл-күйді білдіреді", "Бағы ашылсын, судай сіңіп, балдай батсын", "Карантинде той жасай беретін болды ғой", "Әншілерге тосқауыл жоқ па осы?", "Ақжол ағаға сіңліңіз келін болды ма?", "Құдалығыңыз мың жылдық болсын"- деп жазды олар. 

Әнші олардың әрқайсысының сұрағына ерінбей жауап жазды. 

- "Бұл менің туған сіңлімнің қызы. Есімі Фариза. Фариза апамыздай болсын деп атын өзім қойған едім. Бүгін ұзаттым. Шағын ғана той жасадық. 30 адам ғана болды. Екі жақтан 15 адам ғана келді. Әннің атауы "Аппағым" деп аталады Тілектеріңізге рахмет, айтқандарыңыз келсін", - деп жазды Мақпал Жүнісова пікір жаза отырып. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Аша Матайдың туған інісі алғаш рет әке атанды (фото)
Әнші Ақбота Сейтмағамбет жанындағы жігіттің кім екенін ашық айтты (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу