Баян Алагөзованың шаңырағында қуанышты жаңалық

Oinet.kz 08-09-2020 1503

Баян Алагөзованің кіші қызы Айару шетел асып, білімін шыңдамақ. Айару бірнеше жылдан бері ағылшын тілін оқып жатыр. Американың Лос-Анджелес қаласына баруға ниетті, деп хабарлайды  Oinet.kz сайты  "Опмай-опмай" бағдарламасына сілтеме жасап.

news_full15995519811c1ee224f91a4346b483c9243b278601.jpg

Бәріне белгілі болғандай, Айару Бақытбек бірнеше жылдан бері ағылшын тілін оқып, үйреніп жүр. Соңғы уақытта тереңдете білім алуда. Американың Лос-Анджелес қаласына аттанып, бизнес мамандығының қыр-сырын меңгермек ниетте. 

"Айару 9-сыныптан соң шетелге кетпек болған. Бірақ мен рұқсат еткен жоқпын. 11-сыныптан соң барам деп дайындалып жүр. Бірақ әлемде не жағдай болып жатқаны бәріңізге аян. Көреміз енді, бұйырса барып қалар", - деді продюсер. 

Айару бала күнінен-ақ ас үй шебері екенін жанкүйерлері біледі. Ол дәмі тіл үйірер тағамдар пісіріп, таңдай қақтырып келді. Алайда болашақ мамандығын бизнеспен ұштастырады. Бизнестік білімін жетілдіріп, кондитерлік орын ашуды ойластырып қойған. 

Жанар Айжанованың тым жас кезіндегі әні елді сүйсіндірді (фото, видео)
Жігер Ауыпбаев жеке басына қатысты шындықты жайып салды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу