Айнұр Тұрсынбаеваның жолдасымен түскен суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)

Oinet.kz 16-04-2021 3015

Танымал айтыскер Айнұр Тұрсынбаеваның жолдасымен түскен суреті көпшілікті сүйсіндірді. Бұл фотоны ол Instagram парақшассында жариялады. 

Айнұр мен күйеуі.jpg

- Әйел-әлем! Әйел энергияны қалай таратады? Жасаған ісімен, ойлаған ойымен, сөйлеген сөзімен...

Әйелдің дәретпен, көтеріңкі көңіл күйімен жасаған тамағы жеген адамға да ләззат сыйлайды.. Әйелдің махаббатпен үтіктеген көйлегі жылу шашып тұрады.. Әйелдің сабырмен көтерген баласы да сабырлы болмақ.. Әйелдің қуанып жүріп жинаған үйі қандай сәулелі..?!

Әйел күлімдеп жүретін үй күн шығып тұрғандай жарқырап тұрады.. Әйелдің тілі тәтті болса шаңырағы шаттанып тұрады.. Әйелдің негізгі миссиясы махаббат тарату.. Тек қана күйеуіне емес! Айналасына, достарына, көршілеріне, балаларына... Қандай қиындық түссе де сабырын сақтап, күлімсірей білетін әйел өз құдыретін біледі.. Өзінің кез келген сұраққа жауап таба алатынын сезеді... Тіпті қиындыққа шарасыз болса да ол жеңетініне сенімді.. Себебі ол әйел Раббысына жақын... Аллаға арқа сүйеп үйренген әйел ешкіммен ренжіспейді, жауласпайды... Аллаға деген махаббаты шексіз әйелдің энергиясын жақыны түгіл жат сезеді.. Сүйікті әйел дегеніміз Алланы сүйген, Алланың разылығы үшін адамзаттың бәрін сүйетін әйел... Адамның бәріне бақыт тілей білетін әйел даналыққа жетеді.. Ораза қабыл болсын жақсылар - деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.

Оның әсерлі әрі әсем жазбасын оқыған көпшілік жылы лебіздерін білдіруде. 

- "Қандай керемет! Әйел-жарық сыйлаушы, шұғылалы күнін сыйлаушы", "Аллаһым махаббаттарын мәңгі етсін, сондай тартымды жұпсыздар", "Аллах екі дүниенің бақытын нәсіп етсін!", "Махаббаттарыңыз мәңгілік болсын!", "Махаббатқа толы мейірімге толы фото", "Керек кезде, керек уақытта жаздыңыз. Өте орынды. Бақытты болыңыздар!", "Айнұр, бақытты бол, жаным, аман жүр. Ораза өзіңе де қабыл болсын!" - деп жазды желі қолданушылары. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Айнұр Тұрсынбаева (@aidyn_nury)

«Өтірік айтқан жерлері бар» - Есен Елеукен Тұрсынбек туралы шындықты айтты (видео)
Алтынай Жорабаева мен жолдасының видеосы көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу