Танымал актер көптен жасырып жүрген әйелін көрсетті (фото, видео)

Oinet.kz 29-04-2021 3526

Белгілі актер Рамазан Амантай жарын көрсетті. Бастапқыда көпшіліктен келіншегін жасырып келген ол "Папарацци" бағдарламасында жарымен бірге сұхбат берді.

актер.jpg

- Бұл көптен күткен қуаныш болды. Мен әулетімізде үлкен немеремін. Ұлдардан ең үлкені мен екенмін. Осы кісіні әулетімізбен ұзақ күттік. Тіпті анам да мені сыйламай кетті. "Келін алып келмейінше сенімен сөйлеспеймін" деді. Нәтижесінде құдай өзі бұйырып, Гүлфару атты аруды маңдайыма бұйырыпты. Алматының қызы, журналист, - деді Рамазан.

Актер болашақ әйелімен таныстығы қалай қрбігенін айтып, ол кезде орын алған қызықтармен де бөлісті. 

- Мен эксперимент ретінде Парижден алып келген Эйфель мұнарасының сувенирын басқа затқа алмастырмақ болдым. Желіде соны жариялап тастадым. Түрлі ұсыныстар келді. Бірақ, досым келіп, бір қыз күміс сақинаға ауыстырамын деп жатыр деді. Сосын осы кісі сол сақинаны берді. Сол жерде ойым тоқтады. Үлкен бағалы дүниемді таптым, - деді Рамазан Амантай. 

Рамазан әйелімен.jpg

Уәлибек пен Жүсіптің видеосы желіні жарды (видео)
Гүлзира Айдарбекова тойынан қалған жалғыз суретті көрсетті (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу