Қарақат Әбілдинаның қызының тұсауын Димаштың анасы кесті (видео)

Oinet.kz 06-09-2021

Қазақ эстрадасының жұлдызды жұбы Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина кіші қызының тұсау кесер тойын дүркіретіп өткерді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында өзі хабарлады. 

image.png

- Айзада тұсау кесер той. Басқа тойды тойламасаң өзің біл. Балалардың туған күні тойлансын. Бурабайдың баурайында Айзөниіміздің тұсау кесер тойын шағын ортада атап өттік.Той ұлттық нақышта өтті.Кешегі кештен тараған энергетика,тойдың қызығын екі сөзбен жеткізу мүмкін емес сияқты. Оны тойда болған жандардын сұрасақ. Аллаға шүкір жақсылықты ырымдаймыз ғой.

Әдетте тұсауды ала жіппен кесуші едік,осы жолы көне дәстүрді жаңғыртып. Көгеріп көктесін деп, - көк шөппен, Тоқшылықта болсын деп, - тоқ ішекпен,

Ешкімнің ала жібін аттамасын деп,-ала жіппен аяулы ана,жақсы жандарға кестірдік.

@sveta_aitbaeva73 , @nurash_777 , @queen_assem жақсы қасиеттеріңіз қызыма жұғысты болсын жандарым! Тойдың көркін қыздырған асаба бауырыма @iskakov_showman Русланға алғысымды білдіргім келеді. Дәмді дастарханын жайып,төрін ұсынған @edem_spa демалыс орнына алғысымды білдіремін. Ең үлкен алғыс қуанышымызға ортақтасып келген достарымыздың құрметіне. Той жұғысты болсын,алтындарым! Барлықтарыңызды жақсы көремін! - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Karakat Abildina (@karakat_a)

Жазира Байырбекованың ерекше биі желіні жарды (видео)
Мәдина Сәдуақасова Түркиядан үй сатып алды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу