Мәдина Сәдуақасова Түркиядан үй сатып алды (видео)

Oinet.kz 06-09-2021

Мәдина Сәдуақасова Түркияның Аланья қаласынан пәтер иеленді. Әншінің айтуынша, ол баспананы өз туған күніне орай сатып алған, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

Бұл туралы әнші өзінің Instagram желісіндегі парақшасына жазды. 

- Аланиядан пәтер алып өз-өзіме сыйлық жасадым! Әнуарды мектепке жібердік, туған күн, міне, келіп қалды, әрі-бері ақшамызды шаша бермей әр нәрсеге, бір үй алып қояйық дедік! Демалысқа келгенде отель емес, өзіңнің дап-дайын үйіңе барған жақсы емес пе?! Ал, көріп бағасын беріңіздер?! Әр отбасына осындай үй алу бұйырсын! - деп жазып қойды әнші.

Әншінің оқырмандары оның қуанышына жылы лебіздерін білдіріп, құтықтауларын аяған жоқ. 

- "Бізге де жұғысты болсын!", "Құтты шаңырақ болсын!", "Бар шаңыраққа бұйырсын!", "Қандай керемет, сіз қандай үйге болсын лайықтысыз, сіз үшін қуаныштымыз", "Іші жанға, сырты малға толсын", - деп жазды оқырмандары. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мадина Садвакасова (@sadvakasovamadina)

Қарақат Әбілдинаның қызының тұсауын Димаштың анасы кесті (видео)
Қазақы нақышта киінген Жанар Айжанованың немересі көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу