Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі өтеді

Oinet.kz 15-05-2023 491

Түркиядағы президент сайлауында кандидаттардың ешқайсысы 50% дауыс жинай алмады. Сәйкесінше елде сайлаудың екінші кезеңі өтуі керек, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Anadolu Agency басылымына сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Басылым мәліметінше сайлауда барлығы 96,15% дауыс жиналған. Ал қазіргі президент Реджеп Тайып Ердоғанға сайлаушылардың 49,42%-ы дауыс берсе, оның басты қарсыласы Кемаль Кылычдароглу 44,88% дауыс жинады. 

Түркияда қайта дауыс беру 28 мамырда өтеді. Дегенмен Анкарада дауыс беру қорытындысы енді жарияланады.

Қазір елде президент сайлауымен қатар парламент сайлауы да өтіп жатыр. Дауыс берудің алдын ала қорытындысына сәйкес басқарушы "Әділдік және даму партиясы" 49,47%, оппозициялық "Республикалық халық партиясы" 34,09% дауыс жинады. 

Мереке Құлкенов - Жазушылар одағының төрағасы
Мирзияев Тоқаевтың жасағанын қайталайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу