«Басталды» - Әкім сайлау 5 қарашаға тағайындалды

Oinet.kz 13-09-2023 584

Елімізде соңғы жылдары президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен әкімдердің сайлауы өте бастады. Әкім сайлау бізге таңсық дүние емес. 

Screenshot_14.jpg

Естеріңізде болса, бұған дейін де ауыл, аудан әкімдерін сайлағанбыз. 2001 жылы ауыл әкімдері пилоттық режимде америкалық тәсіл бойынша сайланды. 2006 жылы тәжірие ретінде  аудан әкімдерін сайлау мәслихат депутаттары арқылы жүргізілді. Оңтүстікте бұл сайлаудың у-шуы әлі айтылады. Бұл жолғы науқанның басты артықшылығы әкімдерді халық тікелей сайлайды. Дәлірегі кімнің әкім болатынын тек халық шешеді.  

Түркістан облысында биыл тәжірибе ретінде 4 ауданда әкім сайлауы өтеді. Олар Шардара, Мақтаарал, Бәйдібек, Созақ аудандары. Осы аптада облыстық мәслихаттың сессиясында сайлау 5 қарашаға белгіленді. 

Бұған дейін таратылған ресми мәліметтерге қарағанда, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлау науқанын өткізудің жалпы кезеңі шамамен 60 күн, оның ішінде сайлау қорытындыларын шығаруға және нәтижелерді белгілеуге бөлінген күндерді есептемегенде 50 күнді құрайды. Аудан әкімі болуға кандидаттарды облыс басшысы және саяси партиялар ұсынады.  Өзін-өзі ұсынуға да болады. Ол үшін  кандидат тиісті әкімшілік-аумақ¬тық бірлікте тұратын сайлаушы¬лардың кемінде бір пайыз қолын жинауы керек. 

Әкім сайлауына түсетін адам ең төменгі жалақының бес еселенген мөлшерінде жарна төлейді. Кандидаттың жасы 25-тен кем болмауы тиіс. Мемлекеттік қызметте жұмыс тәжіри¬бесінің болуы міндетті емес. Кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде орташа жылдық штат саны кемін¬де елу адам болатын орта кәсіпкерлік субъек¬тілерінің, не коммерциялық емес ұйым¬дар¬дың басшы лауазымдарында екі жыл жұмыс өтілі болса жетіп жатыр. Сайланған әкімнің өкілеттік мерзімі – 4 жыл. Бір адам қатарынан екі реттен артық әкім болып сайлана алмайды. Тағы бір жаңалық, сайланған аудан әкіміне мәслихат депутаттары сенімсіздік білдіре алады. Егер мұндай ұсыныс мәслихат сессиясында басым көпшілік дауыспен қабылданса, депутаттар әкімді атқарып отырған лауазымынан босату жөнінде мәселені өңір басшысының алдына қояды. Яғни, бұған дейін мәслихат депутаттары аудан әкіміне бағынышты болса, енді сайланған әкім депутаттардың қас-қабағына қарайды деген сөз. 

Ұлттық эконо¬ми¬ка министрлігінің хабарлауын¬ша, биылғы аудан әкімдерін сайлау қанат¬қақты режимде, ал 2025 жылдан бастап жаппай өткізіле бастайды. Яғни, 2025 жылдан бастап барлық аудан әкімдері қызметіне тек смайлау арқылы отырады деген сөз.  

Енді тәртіп бойынша алдағы күндері облыс әкімі төрт ауданға әкім болатын кандидаттарды ұсынуы тиіс. Егер оған балама кандидат шықпаса, екінші үміткерді де облыс әкімі ұсынуға құқылы. Қазір ел ішінде осыған қатысты түрлі әңгімелер айтылуда.  

Қызықтың бәрі әлі алда.

Даудан арылмаған Дінислам...
Қайрат Боранбаевтан қайтарылған ақшаға мектеп салынады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу