Қайрат Боранбаевтан қайтарылған ақшаға мектеп салынады

Oinet.kz 15-09-2023 609

63b537598ea6a614254042.jpg

Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыруға байланысты  сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.

Тергеу шеңберінде жалпы құны 90 млрд теңгеден асатын активтерді, оның ішінде: мұнай кен орнын, газ тарату компаниясын, сервис саласындағы кәсіпорынды, қонақ үй және сауда-ойын-сауық кешендерін, фитнес орталықтар желісін, кеңсе үй-жайларын және басқа да активтерді мемлекет меншігіне ерікті түрде қайтару жөнінде шаралар қабылданды.

Сондай-ақ, Қ.Боранбаев Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңге аударды.

Осы объектілердің барлығы мемлекеттік органдар мен компаниялардың балансына беріледі, ал ақшалай қаражат білім беру инфрақұрылымын дамыту үшін пайдаланылатын болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қ.Боранбаев табиғи газ импорты кезінде қаражатты жымқыру эпизоды бойынша тергеу аясында 14,5 млрд теңге көлемінде материалдық шығынды өтеген болатын.

Агенттік заңсыз активтерді іздеу және қайтару бойынша жұмысты жалғастыруда.

 


«Басталды» - Әкім сайлау 5 қарашаға тағайындалды
Белгілі продюсер Сержан Молдасанұлы Түркістанда жаңа қызметке кірісті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу