Ердорған Путиннің досы

Oinet.kz 23-05-2023 455

Түркияның президенті Режеп Ердоған CNN каналына берген сұхбатында Түркияның қазіргі уақытта Ресеймен қарым-қатынасының жақсы екендігін алға тартып, бұл елге қарсы ешқандай санкция салмайтынын мәлім етті. 

Screenshot_2.jpg

Ресей мен Түркия бірін-бірі барлық сала бойынша қажет етеді,- деген Ердоған әсіресе, Ресей президент Владимир Путинмен «ерекше байланысты» екендігін және бұл байланыстың алдағы уақытта да тереңдей беретінін мәлім еткен. 

Ердоған Түркияның Ресейге қарсы санкциялар салмайтынын ресми түрде мәлім етті. 

14 мамырда Түркияда өткен президент сайлауында Ердоған -49,51 пайыз дауыс алды. Онымен бірге екінші турға өткен оппозиция лидері Кемаль Қылычдароғлу – 44,88 пайызды иеленді. Екінші тур 28 мамырға белгіленіп отыр. Бұл додада кімнің жеңіске жететінін алдын ала айту қиын. 

Кейбір ақпараттарға қарағанда, Қылычдароғлу дауысты негізінен күрділер тұратын аймақтардан және шетелде жүрген түркиялық азаматтардан алған. Қылычдароғлу президент болса, Түркия батысқа қарай бүйрегі бұрады.   

Ал, Ердоған соңғы жылдары Түркияда көптеген саяси реформалар жасады. Елдің парламенттік басқарудан президенттік басқаруға көшірді.  Оппозицияны талқандап, көптеген азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. Ердоған әу бастан батыс елдеріне теріс көзқарас ұстанатын саясаткер.  

Түркиядағы президент сайлауына бүкіл әлем көз тігіп отыр.  

«Мен еркінмін»: Мұхтар Жәкішевтің жаза өтеу мерзімі ресми түрде аяқталды
Аюповтың ісі сотқа өтті, ал Әбдірахымовты әшкерелеуге құзырлы органдар құлықсыз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу