Мирзияев Тоқаевтың жасағанын қайталайды

Oinet.kz 15-05-2023 448

Өзбекстанның президенті Шавкат Мирзияев қазақстандық әріптесі Қасым-Жомарт Тоқаевқа көп еліктейді. Тоқаевтың  жасағанын Мирзияев қайталайды.

Screenshot_3.jpg

Тоқаев былтыр Ата заңға өзгеріс енгізді, референдум өткізді,  президенттің өкілеттік мерзімін 5 жылдан 7 жылға көтерді. Осыдан кейін мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізді. Мирзияев биыл Конституцияға  өзгеріс енгізді, сәуірде референдум өткізді. Президенттің мерзімін жеті жылға көтерді. Енді міне,  мерзімінен бұрын президент сайлауын 9 шілдеге белгіледі. 

Мирзияев пен Тоқаевқа ортақ тағы бір дүние –екеуі де жаңа мемлекет құрып жатыр. Тоқаев «Жаңа Қазақстан» десе, Мирзияев «Жаңа Өзбекстан» деп ұрандатуға көшті.

Мирзияев жаңа Өзбекстан құратын болса, жеті жылдан бері ай қарап жүрген бе? Ол президенттікке алғаш рет 2016 жылы, Ислам Каримов өлген соң  сайланды.  2021 жылы екінші мерзімге қайта өтті. Ата заңға енгізілген өзгерістен кейін оның бұл екі мерзімі  «күйіп» кетті. Яғни, оның енді президенттікке жеті жылдан тағы екі рет отыруға мүмкіндігі бар деген сөз. Бірақ бұл жерде бір түсініксіз нәрсе бар. Мирзияевтің президенттік мерзімінің аяқталуына әлі үш жарым жыл бар. Ол осы мерзімінің соңына дейін неге отырмады? Мұны немен түсіндіруге болады? 

Сарапшылардың айтуынша, бұл жағына келгенде Мирзияев тағы да Тоқаевқа еліктеді. Былтыр өткен сайлауда Тоқаев екі жыл мерзімін құрбандыққа қиып, мерзімінен бұрын сайлау өткізді. Яғни, ол өзін реформатор ретінде көрсеткісі келеді. Мирзияев те Тоқаевқа еліктеп, тарихта ұлы реформатор ретінде қалғысы келетінін көрсетті. Бірақ тарихқа кімнің аты, қалай жазылатынын уақыт көрсетеді. Тоқаев пен Мирзияев бұл жағына келгенде Назарбаевтан сабақ алуы керек сияқты.  

Өзбекстанда 9 шілделде өтетін сайлауда кімнің жеңіске жететіні айтпаса да белгілі. Додада Мирзияевқа табанды қарсылас болатын ешкім жоқ. Қандай жағдай болса да ол бәрібір жеңіске жетеді.

Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі өтеді
Темірғали Көпбай – ҚазҰУ журналистика фаультетінің деканы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу