Тамара Асар босанғаннан кейінгі әсерін жеткізіп, тұңғыш рет қызын көрсетті (фото)

Oinet.kz 15-09-2021 2385

Жақында ғана қыз баласын дүниеге әкелген танымал әнші Тамара Асар босанғаннан кейінгі қызықтарын айтты. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

image.png

- Менің бұрыннан тамаққа тәбетім төмен, қазір баламен үйде отырғасын, тіпті тамаққа қарау төмендеп кеткесін, біз бүгін бірінші рет далаға таза ауаға шықтық… Жан-жағыма алақтап, орманда келе жатқан адам сияқты қызық сезімде болдым. Қалың киініп алып, қорбаңдап,терлеп әлекке қалдым.

Ажар үйден шыққаннан пысылдап ұйықтаған күйі, үйге қайта кіргенше ұйықтады.

Қамбар мәз… Папасы мәз… Дәрігерлердің айтуынша, жас босанған әйел үшін де,сәбиі үшін де босана салып, далаға шығу дұрыс әрі пайдалы дейді.

Ал сіздің ойыңызша қалай, далаға қырық күнді толтырып шыққан дұрыс па? - деп жазды ол.

Әншінің әсерлі жазбасына желі қолданушылары жылы лебіздерін білдіруде.

- "Қазақтың ырымы бойынша, 40 күнді сақтаған жөн, ана үшін де, бала үшін де, сөзден, сұқ көзден абай болғаны дұрыс", "Күтіну керек, 40 күн толып шығу керек", "Аузыңызды таңып шығыңыз сыртқа тістеріңізді желіктіріп алмау үшін", "Өте дұрыс таза-ауаға шыққан", "Дұрыс далаға шыққан, 40 күн үйге үйреніп алып, сосын сразу шығып ортаға үйрене алмай ауырып қалады, ең бастысы бәріне біртіндеп үйрене берген дұрыс, 10 минут, 15 минут жаймен үйрене беру керек", "Әрине, қырқынан шыққан соң шығу керек. Балаға да, анаға да дұрысы осы", "Керемет! Қорықпай шыға беріңіздер, күннің шапағатын алған дұрыс. Біз 5 күндігінен бастап шықтық, бір АЛЛА жар болсын деп. Шүкір, қазір 3 ай болайын деп жатырмыз, Бөпеміз көбіне далада жүргенді жақсы көреді", "Баланы 40 ынан шығарған соң,болады далаға,әзірге ерте.Бала 40күнге дейін анасының етегінің лебінен тоңады деген ертеде.Орыстар ғой шығаратын далаға" - деп жазды олар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Тамара Асар (@tamara_assar_official)

Домбырамен ән айтқан Қарақат пен Қыдырәлі көпшілікті сүйсіндірді (видео)
«Сірә Жазира ханым сияқты... Сурагатное» - Тамара Асарды ренжіткен кім? (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу