Жан Ахмадиев: Дариғаның экс-күйеуі намысы жоқ еркек
Қоғам белсендісі Жан Ахмадиев актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев туралы пікір білдірді. Ол бұл туралы журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында айтты, деп жазады Оinet.kz.

Ахмадиев Дархан Мұсаевтың «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатына қатысты өз көзқарасын білдіріп, оның әрекетін сынға алды. Қоғам белсендісінің айтуынша, жеке өмірге қатысты мәселелерді көпшілік алдында талқылау дұрыс емес.
«Дариғаның экс-күйеуі намысы жоқ еркек. Дархан күллі қазақ жігіттеріне топырақ шашты. Есі дұрыс екі еркек отырып алып біреудің әйелін ешқашан өсектемейді. Мен Дариғаны өмірде көрмегем. Бірақ сырттай бақылаймын, өнерін жақсы көремін, киноларына барамын. Ол Жанар Байсемізге берген сұхбатында баласы туралы сұраққа “отбасындағы мәселені бұл жерде айтқым келмейді” дейді. Ал еркегі әйелден де төмен болып тұр. Артында сотқа берді. Не үшін? Отбасыдағы нәрсе үйде қалу керек. Оны туыстарың да білмеу керек», — деді ол.
Сондай-ақ ол актрисаның шығармашылығын жоғары бағалайтынын атап өтті. Оның сөзінше, Дариға Бадықова бұған дейінгі сұхбаттарының бірінде отбасылық мәселелерді жария түрде талқылаудан бас тартқан.
Ахмадиев отбасыға қатысты мәселелерді жария етпеу керек деген ұстанымын білдіріп, мұндай жағдайлар жеке кеңістікте қалуы тиіс екенін айтты.
Сонымен қатар ол бұл жағдайға үшінші тұлғалардың қатысы бар деген пікірлерге күмән келтіріп, мұндай болжамдарға сенбейтінін жеткізді.
Жалпы, қоғам белсендісі ер мен әйел арасындағы қарым-қатынаста өзара құрмет пен жауапкершілік маңызды екенін атап өтті.


