Журналист Қайрат Нұртасқа кешіктірмей «Халық әртісі» атағын беру керегін айтты

Oinet.kz 02-04-2026

Журналист Ербол Мәндібек танымал әнші Қайрат Нұртасқа «Халық әртісі» атағын ертерек беру қажет деген пікір білдірді.  Ол бұл ұсынысын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, бірнеше уәж келтірген, деп хабарлайды Оinet.kz.

image.png

 Айтуынша, әнші жыл сайын жүздеген концерт өткізіп, көрермен ықыласына ие болып келеді.   

Биылдан қалдырмай берген дұрыс деп ойлаймын. Қайрат Нұртасқа "Халық әртісі" атағын ертерек берген дұрыс деп ойлаймын. Оған бірнеше себеп бар.  Әкесінің сұхбатын тыңдадым. Қайрат жыл сайын 500-ден астам концерт береді екен және барлық жерде зал 100% лық толы. Ал егер тойлардағы ән айтуын қосатын болсақ жылына 3 мыңнан астам мәрте халық алдына шығады деген сөз,"- деп жазды журналист.

  Ербол Мәндібектің пікірінше, «Халық әртісі» атағы ең алдымен халықтың шынайы сүйіспеншілігіне бөленген өнер иелеріне берілуі тиіс. Осы тұрғыдан алғанда, Қайрат Нұртас бұл атаққа лайық екенін атап өтті.  

Сондай-ақ ол әншінің сахнада жүргеніне шамамен 30 жылға жуықтағанын айтып, мұндай марапатты кешіктірмей, шығармашылықтың қызған шағында беру орынды екенін жеткізді.  Журналист атақтың өнер адамына мотивация беріп, жаңа белестерге жетелеуі мүмкін екенін де атап өтті. 

 Сондай-ақ журналист  бұған дейін белгілі әнші Батырхан Шөкенов Қайрат Нұртас феноменін «әлеуметтік құбылыс» деп бағалағанын тілге тиек етті. 

"Қайрат Нұртасқа марқұм Батырхан Шөкенов ағамыз, "Бұл әлеуметтік құбылыс" деп бағасын беріп кеткен еді. Қазақтың "Шатуновы" халық әртісін алса тақиямызға тар келмес деген ой ғой менікі. Сіз не айтасыз?", - деп сөзін сабақтаған. 

Жан Ахмадиев: Дариғаның экс-күйеуі намысы жоқ еркек
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу