Гүлнар Сиқымбаеваның жоғалған ұлы өлі табылды

Oinet.kz 07-04-2026

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның жоғалып кеткен ұлы Баир Сиқымбаевтың мәйіті табылды.  

image.png

Журналист Жазира Бегалы әлеуметтік желідегі парақшасында: “Марқұмның неден қайтыс болғаны белгісіз. Жаны жәннатта болсын”, – деп жазды.

Еске салайық, Баир Сиқымбаев 24 наурызда Алматыдағы Коперник көшесіндегі үйінен шығып, қайта оралмаған. Ол сол күні үстінде қара спорттық киім болған.


Автордың жұбайы: Қайраттың «Алматының түндері-ай» әнін басқа орындаушылармен айтуға құқығы жоқ
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу