Төреғалидің жетінші перзенті дүниеге келді
Қазақстандық танымал әнші Төреғали Төреәлі тағы да әке атанды. Өнер иесінің жетінші перзенті дүниеге келді, деп жазады Оinet.kz.

Жақсы жаңалықты өнер иесінің продюсері Жанат Мұқанов әлеуметтік желі арқылы бөлісті. Оның айтуынша, әншінің шаңырағында қыз бала дүниеге келген.
Продюсердің мәліметінше, сәби 7 сәуір күні кешкі сағат жеті шамасында өмірге келген. Бұл – отбасының жетінші перзенті әрі жетінші қызы.
Ол өз жазбасында сәбиге ақ тілегін білдіріп, денсаулығы мықты, ғұмыры ұзақ, болашағы жарқын болсын деген ізгі ниетін жеткізді. Сонымен қатар ата-анасына қуаныш пен береке тілеп, мұндай қуанышты сәттер ел ішінде жиі бола берсін деген тілегін білдірді.
Қазіргі уақытта жаңа туған нәрестеге есім әлі қойылмаған. Әлеуметтік желі қолданушылары түрлі есім ұсынып, әншінің отбасына ақжарма тілектерін жолдауда.


