Мейрамбек Беспаев таксимен жүрген Еркешке көлік сыйлады
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейрамбек Беспаев жас әнші Еркеш Хасенге көлік сыйлап, көпшіліктің жүрегін жаулап алды, деп хабарлайды Оinet.kz.

Оқиға «Көвер шоу» бағдарламасының түсірілімінен кейін болды. Бағдарлама соңында Беспаев Еркештен үйге қалай қайтатынын сұрап, оның таксимен кететінін естігенде әсерленген.
Келесі күні Мейрамбек Беспаев жас әншіні шақырып, көлік сатып алу үшін қаржылай көмек беретінін айтты. Уәдесін орындап, қажетті қаражатты аударған соң, Еркеш жаңа автокөлігін сатып алған және қуанышын әлеуметтік желіде бөлісті.
Жас әртіс бұл күтпеген сыйға алғыс айтып, аға буын өкілінің кеңпейілдігін атап өтті.


