Бір науқас жазылып шықты

Oinet.kz 17-04-2020 577

Screenshot_8.png

Түркістан облысында коронавирус дертінен 1 науқас жазылып шықты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Сайрам ауданы, Ханқорған елдімекені, Көлкент ауылдық округі, Мәдени ауылының 1946 ж. тұрғыны 1 сәуір мен 17 сәуір аралығында стационарлық ем қабылдап, бүгінгі таңда толықтай дертінен айықты. Зейнеткердің "өкпенің созылмалы обструктивті ауруы", "Бронх демікпесі" секілді қосалқы диагнозы да болған.

Соңғы мәліметтер бойынша Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны 53-ке жетті. Вирус 1990 жылы туған Түркістан қаласының тұрғынынан табылды. Ол 11 сәуір күні Жетісай ауданынан келген.

Сондай-ақ 1992 жылғы Сайрам ауданы, Көлкент ауылдық округі, Қосбұлақ ауылының тұрғыны, 1981 жылғы және 2007 жылғы Ордабасы ауданы, Бадам ауылдық округінің тұрғындарында COVID-19 инфекциясы анықталды. Аталған азаматтар коронавируспен ауырып жатқан науқаспен жақын байланыста болған.

Қазіргі таңда облыс бойынша Жетісай ауданында – 20 адам тіркелген (оның ішінде 1956 жылғы азамат 4 сәуір күні қайтыс болған). Сондай-ақ,Кентауда - 5, Ордабасы- 4, Сайрам - 3, Мақтарал - 4, Арыс - 14, Сарыағаш - 1, Бәйдібек -1, Түркістан қаласының - 1 тұрғыны індетке шалдыққан.


Кәсіпкер әйелдер де өз үлестерін қосуда
Әжелер алқасы да атсалысып жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу