Биыл Түлкібас ауданында алма баудың көлемі 100 гектарға көбейеді

Oinet.kz 16-04-2020 523

бау.jpg

Түлкібас ауданында алма баудың көлемі биыл тағы жүз гектарға артады. Бұл туралы RGMEDIA.KZ ақпараттық агенттігі Түркістан өңірлік коммуникациялары қызметі таратқан деректерге сілтеме жасап хабарлайды.
Түркістан облысы Түлкібас ауданында алма бау көлемін арттыру жылдан жылға қарқын алып келеді. Биыл ауданда жеміс-жидектің көлемі 3335 гектарды құрап отыр. Мемлекетік бағдарламаға сәйкес, 2001-2019 жылдар аралығында отырғызылған алма көшеттері бауға айналып, оның көлемі 2578 гектарға жеткізілді. Ал, екі жыл бұрын аудан көлемінде рекордтық өнім жиналды: 25 мың 150 тонна алма өндірілді. Өткен жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты бұл көрсеткіш 20 мың тоннаны құрады. 
Осы жылы 100 гектар жерге алма отырғызу жоспарланса, бүгінгі таңда соның 78 гектар жеріне алма көшеттері егілді. Жалпы биылғы жылға жоспарлаған 100 гектар алма баудың 50 гектары қарқынды бау болмақ.
Сондай-ақ, алма өнімін қыс мезгілінде сақтау мақсатында ауданда бүгінгі таңда алты қойма жұмыс істеуде. Жалпы қоймалардың жиынтық сиымдылығы сегіз мың тоғыз жүз тоннаны құрайды.

Сайрам ауданының кәсіпкерлері 700 тонна ет экспорттады
Жетісайлық кәсіпкер жерлестеріне 200 қап ұнын тегін таратып берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу