Бір емес, бірнеше ұрпақ денсаулығын сақтайтын Сарыағаштың болашағы зор

Oinet.kz 25-11-2022 271

 Screenshot_1.jpg

Бүгінде туризм саласына барлық мемлекет көңіл бөлуде. Себебі туризм саласы өте жоғары көлемде табыс әкелуде. Мұхит, теңіз жағасында елдер жалғыз туризм саласы арқылы-ақ қазынаға қаржы толтырып, халықтың жағдайын жақсартып отыр. 

Қазақстанда да туризм саласы қарқын алып келеді. Әсіресе дертке дауа медициналық туризм саласының болашағы зор. Мысалы «БЕРЕКЕ» санаторийі Түркістан облысы, Сарыағаш қаласының көрікті жерінде орналасқан. Жылы климаттық жағдайлар, таза таза ауа, қатты желдің болмауы, күн сәулесінің және минералды сулардың көптігі - осының бәрі «Береке» шипажайындағы денені сауықтыру мен емдеуді қосатын ең құнды табиғи-климаттық емдік факторлар. Енді бір емес, бірнеше ұрпақ денсаулығын сақтайтын Сарыағаш бұлағының сиқырлы, қайталанбас минералды суы сізге қолжетімді! Сапалы минералды су арқылы әрбір келуші денсаулығын нығайта алады.

«Береке» санаторийі 2006 жылы ашылған. 2015 жылдан бастап бірегей, мүлдем жаңа ғимарат BEREKE-LUX жұмыс істейді. Мұнда сіз жаңа, диагностикалық және емдік, тиімділігі жоғары құрал-жабдықтармен үнемі жаңартылып отыратын заманауи медициналық базаны таба аласыз.

Сарыағаш ауданындағы курортты зонада келушілерге барлық жағдай жасалған. Олар мұнда сапалы ем қабылдап, жақсы демала алады. Сондықтан да Сарыағашқа келуші туристер саны жылдан-жылға артуда. 

Сауранда шығарылатын жиһаздар шет мемлекеттерге экспортталуда
Негізгі емдік фактор - минералды су
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу