​Түркістанда экоакция аясында жалпықалалық сенбілік өтті

Oinet.kz 13-04-2024 850

Бүгін Түркістан қаласында “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясындағы “Таза өлке” апталығында жалпықалалық сенбілік өтті. 

IMG-20240413-WA0057.jpg

Тазалық шарасына 5 мыңнан астам адам қатысты. Олардың қатарында жергілікті тұрғындар мен түрлі мекемелер қызметкерлері бар. Әсіресе қарапайым шаһар тұрғындары аса белсенділік танытуда. Сенбілікте саябақтар, скверлер, мекеме аулалары, көше бойлары, арық-атыздар тазаланды. Көшеттер егіліп, талдар әктелді. Арнайы 25 техника жұмылдырылды. Жалпы бүгінгі шарада жалпы 170 тонна қоқыс шығарылды. 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ТҮркістан облысында «Таза өлке» апталығында 1 500-ге жуық көше тазартылды
Түлкібаста экоакцияға барлық ауыл округтер атсалысып жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу