Түлкібаста экоакцияға барлық ауыл округтер атсалысып жатыр

Oinet.kz 13-04-2024 1133

Түлкібас ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Таза өлке» апталығы өтіп жатыр. Бүгін аудан әкімі Н.Ізтілеуовтың тапсырмасына сәйкес, Тастұмсық, Азаттық, Т.Рысқұлов ауылдарында тазалау, әктеу, сырлау жұмыстары жүргізілді. Шараға еріктілер мен белсенділер, түрлі мекеме қызметкерлері, қала тұрғындары жұмылдырылды. 

IMG-20240413-WA0062.jpg

Ауданның 15 ауылдық округінде жүргізіліп жатқан акцияға жалпы 600-ден астам адам қатысты. Сондай-ақ, тазалық жұмыстары барысында 35 тонна күл-қоқыс шығарылған. Шара аясында белсенділер әрбір ауыл тұрғынын өз ауласынан бастап тазалықты қалыптастыруға және сенбіліктерге белсенді түрде қатысуға шақырды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

​Түркістанда экоакция аясында жалпықалалық сенбілік өтті
Түркістан облысында «Таза қазақстан» акциясының «киелі мекен» апталығы басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу