Онлайн-бюджеттік мониторинг: Түркістан облысында білім саласындағы қаржылық бақылау

Oinet.kz 09-04-2025 68

Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудаит департаменті Қаржы министрлігінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №597 бұйрығымен бекітілген тәуекелді басқарудың үш деңгейлі жүйесіне сәйкес, 2023-2025 жылдары Түркістан облысында білім саласындағы қызметкерлерге қазынашылық мекемесі арқылы төленген құжаттарға талдау жүргізілді.

Screenshot_6.jpg

Қаржы министрлігіне қарасты Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің тапсырмасына сәйкес мониторинг нәтижелері төмендегі органдарға жолданды:

  • Білім басқармасы мен оның бөлімдеріне;

  • ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне;

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне;

  • Түркістан облысының білім басқармасына.

2025 жылы білім мекемелеріндегі жоғары тәуекел деңгейі бар 103 қызметкердің жеке сәйкестендіру нөмірлері (ЖСН) бойынша жалпы 164 628,3 мың теңге сомасына хабарламалар жіберілді. Тексеру нәтижесінде 5 186,8 мың теңге расталып, оның 3 183,2 мың теңгесі бюджетке қайтарылды.

Қазіргі таңда заңсыз қаржылық операцияларды анықтау және бюджет қаражатын тиімді пайдалану бойынша жұмыстар жалғасуда.

Камералдық бақылау: 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмыс қорытындылары
Онлайн-бюджетный мониторинг: финансовый контроль в сфере образования Туркестанской области
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу