Түркістанда «Өнегелі ұрпақ» экологиялық іс-шарасы өтті

Oinet.kz 01-05-2025 7

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Түркістан қаласында «Өнегелі ұрпақ» атты экологиялық іс-шара ұйымдастырылды.

1000332505.jpg

Шараға 500-ден астам студент пен жас депутат қатысып, Қызылорда тас жолының бойындағы Қарашық өзенінің айналасын тұрмыстық қалдықтардан тазартып, табиғи ортаның сақталуына өз үлестерін қосты.

Игі бастама жастарды табиғатты аялауға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға, тазалық пен тәртіпке тәрбиелеуге, сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығы қағидатын дәріптеуге бағытталған.

Қала тұрғындары мен белсенді жастарды табиғатты қорғауға, Қарашық өзенінің маңын таза ұстауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға шақырамыз.

Әр азамат өз ісіне жауапкершілікпен қарағанда ғана әділеттілік салтанат құрады
Заң және тәртіпті жырға қосқан Республикалық жас ақындар жыр - мүшайрасы өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу