Жастарды кәсіпке баулу – заман талабы

Oinet.kz 12-06-2025 8

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастарды кәсіпке баулу жөніндегі тапсырмасы аясында елімізде көптеген нақты қадамдар жүзеге асып келеді. 

Screenshot_1.jpg

Бұл бағыт әсіресе өңірлік даму стратегиясында ерекше орын алады. Жастардың кәсіпке араласуы – экономиканы әртараптандыру, өзін-өзі қамтамасыз ету, инвестиция тарту және ұлттық өнім сапасын арттыру сынды міндеттердің тиімді шешілуіне тікелей ықпал етеді.

Осы орайда Сайрам ауданында да жастардың кәсіпке қызығушылығын арттыру бағытында бірқатар іс-шаралар қолға алынып отыр. Солардың бірі – жастардың Қарасу ауылында орналасқан “Береке Мол” жиһаз жасау цехына танысу экскурсиясы болды. Танымдық мақсатта ұйымдастырылған бұл шарада жастар жиһаз өндірісінің бүге-шігесіне қанығып, заманауи технологиялармен, материалдарды өңдеу, құрастыру және дайын өнім шығару процесімен танысты. Цех өкілдері кәсіби дағдылардың маңызын, еңбек тәртібі мен сапа-сұраныс арақатынасын нақты мысалдармен түсіндіріп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Айта кетерлігі, бүгінде аталған кәсіпорында жұмыс істеп жатқан жас мамандардың дені – кезінде осындай шаралар арқылы кәсіп ашуға қызығушылық танытып, кейін тұрақты еңбек жолын осы саладан тапқандар.

Мұндай бастамалар аудандағы экономикалық өсімді ынталандырып, жастар арасындағы  белсенділікті арттыруға, әрі өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына өз үлесін қосады. Сонымен қатар, бұл жобалар инвестициялық ахуалды жақсарту, ұлттық экспорттаушыларды қолдау, қазақстандық өнімнің сапасын көтеру, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ шекара маңындағы сауданы дамыту сынды іргелі бағыттарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мұндай нақты мысалдар арқылы жастар табысқа тек білім мен еңбек арқылы жетуге болатынын ұғып қана қоймай,  алға жылжуына да үлес қосатын қабілетті ұрпақ ретінде қалыптасады. Сондықтан ақпараттық қолдау, баға саясатының ашықтығы және сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту – осы бағыттағы жұмыстың басты тетіктері болуы тиіс. Жастардың ертеңіне арналған  кез келген шара – ел ертеңін қалыптастыру жолындағы сенімді 

бағыт. 

С.АБЫЛБЕКОВА

5000 бала демалатын "Алатау" лагерінің лентасы қиылды
Кәсіпкерлікке кең өріс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу