Сайрамдық консерві өнімдер шетелде сұранысқа ие

Oinet.kz 22-09-2024 1195

Screenshot_1.jpg

Сайрам ауданы мал шаруашылығы жөнінен Түркістан облысында көш басында. Сайрамдық жеке кәсіпкерлер мал шаруашылығымен байланыстырып, басқа салаларды да дөңгелетіп отыр. Ауданда ет өнімін тұтынатын адамдар өте көп. Сондықтан да жеке кәсіпкерлер ет өндірісін де мықтап қолға алған. Ет қашанда болмасын сұранысқа ие. Сайрамдық малдың еті өте құнарлы болады. Осыған байланысты сайрамдық етке тапсырыс беретіндер еліміздің түкпір-түкпірінде мол. Осы орайда ет өнімдерін ұзаққа жететін, яғни ұзақ мерзімге сақтауға болатын етіп дайындау басты назарда. Себебі ет өнімдері тез бұзылады. Сол себепті де Сайрамда етті консервілеу ісі жолға қойылған.

Сайрамда «ЮКО-ЭКО-FOOD» – ет және ет өнімдерін көтерме саудамен, етті өңдеумен және консервілеумен айналысатын компания қарқынды жұмыс істеп жатыр. «ЮКО-ЭКО-FOOD» компаниясында бүгінде жұмысшылар саны 10-ға жуық. Яғни 10 адам осы комбинатта жұмыс істеп, нәпақасын тауып, отбасын асырап отыр. Бұл да болса жаман көрсеткіш емес. Ет комбинаты сайрамдық кәсіпкерлер үшін де мол мүмкіндік. Себебі мұнда соңғы технологиялар қолданылады. Жеке кәсіпкерлер өздерінің малдарын осында әкеліп өткізе алады. Яғни олар клиент іздеп әуре болмайды. Бәрін компания өз мойнына алады. Себебі компанияның клиенттік базасы өте жоғары.

«ЮКО-ЭКО-FOOD» шаруашылығының негізгі қызметіне тоқталсақ, ет және ет өнімдерінің көтерме саудасы; ет өңдеу және консервілеу болып табылады. «Юко-ЭКО-ФУД» ет комбинатында күніне 3 мың бас уақ мал, 200 бас ірі қара сойылады. Зауыттағы мал сою процесі неміс технологиясы бойынша жүргізіледі. Ет комбинатының ауданы 2 мың шаршы метрден астам 15 гектарды құрайды. «ЮКО-ЭКО-FOOD» ет комбинатының қуаттылығы 2017 жылы тәулігіне 3 мың басқа дейін ұсақ мал мен 200 басқа дейін ірі қара малды сояды. Органикалық еттің 60 пайыздан астамы Иранға экспортталады. Айта кету керек, ет комбинатын ашу жобасы ақшалай жарнаның 75 пайызын салған Иран Ислам Республикасымен бірлесіп жүзеге асырылуда.

Иран елі сайрамдық компанияның консерві өнімдерін көптеп алады. Себебі Иранда күн ыстық. Онда ет өнімдері тез бұзылады. Ал консервідегі ет кез-келген ауа-райы төзімді екендігі белгілі. Ирандықтар сайрамдық консервілерді сүйсініп жейді. Себебі консерві өнімдері дайындаларда оған өте үлкен жауапкершілікпен қарап, тек сапалы өнімдерді пайдаланды. Химиялық қоспалар жоқтың қасы десек болады.

Алдағы уақытта «ЮКО-ЭКО-FOOD» өндіріс көлемін одан әрмен дамытып, әлемдік аренада ойып тұрып орын алуды көздейді.

Сайрамдық кәсіпорын үшінші мегаполистің 42 пайыз тұрғынының сұранысынын өтеуге қауқарлы
Халықты тәтті нанмен қамтып отырған кәсіпорынның болашағы зор
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу