Көпір салу - көптің қалауы

Oinet.kz 20-06-2025 8

Сайрам ауданында экономиканың қарқынды дамуын қамтамасыз етуде көлік-логистика саласына ерекше мән беріліп отыр.

Screenshot_25.jpg

Тұрақты ішкі қатынас пен тиімді жол инфрақұрылымы – сауда айналымын арттырып, кәсіпкерлікті дамытуға серпін беретін басты тетіктердің бірі. Осы мақсатта аудан аумағында жаңа жобалар қолға алынуда. Соның бірі – Ақсукент аумағында теміржол үстінен өтетін жаңа көлік жолын салу жоспары.

Аталған жоба жүзеге асқанда екі елді мекен арасындағы қозғалыс жеңілдеп, жолдағы кептеліс айтарлықтай азаяды. Бұл өз кезегінде тұрғындардың күнделікті тіршілігіне қолайлы жағдай туғызып қана қоймай, экономикалық белсенділікке де оң әсер етеді.

Аудан әкімі Арман Сабитов тиісті сала басшыларымен бірге жоспарланып отырған жобамен арнайы барып танысты. Стратегиялық маңызы бар нысанның өңірлік дамуға қосар үлесін атап өткен аудан басшысы жобаны сапалы әрі белгіленген мерзімде жүзеге асыру үшін жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктеді.

Қазіргі таңда бұл көлік жолы жобасы жоспарлау сатысында тұр. Алдағы уақытта құрылыс жұмыстары басталып, пайдалануға берілген соң ауданның көлік инфрақұрылымында елеулі ілгерілеу болмақ. Жаңа жол тек тұрғындардың қозғалысын жеңілдетіп қоймай, тауар тасымалы мен сауда-саттық ағынын жеделдетуге мүмкіндік береді. Бұл – экономикалық өсімді қамтамасыз етудің нақты қадамдарының бірі.

С.АБЫЛБЕКОВА

Құрылыс сапасымен танысты
Сайрамда түйеқұс өсіріле бастады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу