Айтылған сөз – атқарылған іс

Oinet.kz 13-06-2025 4

Сайрам ауданында Мемлекет басшысының Жолдауы мен «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу» бағытына негізделген ұлттық жобаларды жүзеге асыру аясында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді.

Screenshot_45.jpg

Атап айтқанда, аудан көлемінде отандық кәсіпкерлікті дамыту, халық сұранысына сай инфрақұрылым тарту, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті нығайту, қазақстандық қамту үлесін арттыру сынды бастамалар нақты істермен дәлелденуде.

Соның бір айғағы – Қарасу ауылдық округіне қарасты Әйтеке би ауылы тұрғындарының жол төсеу туралы көптен бергі өтініші орындалды. Бұл – сөзден іске көшудің айқын көрінісі. Жоба аясында ауыл көшелеріне 66 куб тас төселіп, 14 гектар бау мен жаңа құрылыс аумақтарындағы негізгі жолдар жөнделді. Аталған жұмыстар Сайрам аудандық мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Арман Қалдыбектің бастамасымен, Қарасу ауылдық округі әкімдігі аппаратының ұйымдастыруымен және жергілікті демеушілердің қолдауымен жүзеге асты. Бұл игі істің астарында бірнеше маңызды мақсат жатыр. Біріншіден, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру. Екіншіден, отандық кәсіпкерлікті қолдау және жергілікті өнімдерді (тас, құрылыс материалдары) пайдалану арқылы ішкі нарықты дамыту. Үшіншіден, бюджеттен тыс қаржы тарту арқылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті нығайту. Әйтеке би ауылының тұрғындары атқарылған жұмысқа дән риза. Олар өз алғыстарын мәслихат депутатына және демеушілік танытқан азаматтарға арнады. Елді мекеннің көркіне көрік қосып, тұрғындардың көңілін орнықтырған жол мәселесінің шешілуі – ел мен биліктің, халық пен өкілдің арасындағы байланыстың мықтылығын көрсетеді.

Бұл – тек бір ауылдағы жаңалық. Алайда осындай бастамалар Сайрам ауданында жиі кездесетін жағымды үрдіске айналып келеді. Мұндай игі істер ұлттық жобалар мен Президент Жолдауы аясында айқындалған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына толық сай келеді.

С.АБЫЛБЕКОВА

Жаңа спорт кешені – дамуға бағытталған инвестиция
Экологиялық таза өнім - ауылдан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу