«Ксюшаның» ерекше тәттілері

Oinet.kz 17-07-2025 18

Сайрам ауданында кәсіпкерлік саласына өз үлесін қосып, атағы артып келе жатқан кәсіпкерлік нысандарының бірі – «Ксюша» кондитерлік цехы.

Screenshot_16.jpg

Осыдан 25 жыл бұрын Ақсукент ауылында негізі қаланған бұл цех бүгінде аудан экономикасына елеулі үлес қосып, аймақтың көркеюіне өз септігін тигізіп отыр. Кондитерлік өнімдердің сапасы мен дәмі халық арасында үлкен сұранысқа ие.

«Ксюша» кондитерлік цехының табысының сырын оның жоғары сапалы, дәмді әрі ерекше тағамдарынан іздесек болады. Басшы Наталья Викторовна Костенко мен өндіріс басшысы Н.Г. Костенконың кәсіби шеберлігі мен жұмысына деген адалдығы өнімдердің сапасын қамтамасыз етіп отыр. Осы жылдар ішінде кәсіпкерлік ұжымда еңбек ететіндердің саны да көбейіп, бәрі өз ісінің шеберіне айналды. Тәтті тағамдар осы цехтың қолынан шыққанда, олардың дәмі мен сапасы бірден байқалады. Бұл өнімдер тек аудандық ғана емес, облыстық деңгейде де сұранысқа ие болуда.

Қазіргі таңда «Ксюша» кондитерлік цехының ассортименті әртүрлі тәттілермен толығып, тұтынушыларын түрлі дәмімен қуантады. Олардың арасында «Қызыл барқыт», «Вупи пай», «Сүтті қыз», «Дамские пальчики» және «Сникерс» сияқты танымал торттар бар. Цехтың басты ерекшелігі – әрбір торттың дәмі мен түрінің ерекше болуы, сондай-ақ бұл тәттілердің табиғи өнімдерден жасалуы.

Сонымен қатар, «Ксюша» кофеханасы да өз алдына бір төбе. Бұл жер көптеген адамдардың сүйікті орнына айналып үлгерген. Мұнда келген әрбір қонақ жайлы атмосфера мен түрлі тәтті тағамдардың хош иісінен рақат табады. Олеся Костенконың шығармашылық ізденісі мен жұмысын жаңаша қабылдауы кофехананың өзіндік ерекшелігін арттырған. Қабырғалардағы суреттер мен тыныштық, ұмытылмас атмосфера – осының бәрі кофехананың жанға жайлы болуына ықпал етеді.

Қайырымдылық шараларына да белсенді түрде қатысып жүрген «Ксюша» кондитерлік цехы, мүмкіндігі шектеулі балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тегін тәттілер үлестіріп тұрады. Бұл іс олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін айқындайды.

Қысқаша айтқанда, «Ксюша» кондитерлік цехы өз жұмысын тек кәсібі ретінде ғана емес, ауданның экономикалық және әлеуметтік дамуына үлес қосу ретінде де жүргізіп келеді. Мұнда дайындалған әрбір тәтті тағам өз тұтынушысына нағыз дәмді мереке сыйлайды.

С.СӘУЛЕБАЙҚЫЗЫ

Ең арзан қияр сайрамда
Еңбек түбі – береке
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу