Тамшылатып суару – заман талабы

Oinet.kz 26-07-2025 22

Сайрам ауданына қарасты Аксукент ауылында өңір ауыл шаруашылығының флагманы болуға қауқарлы кәсіпорын қарқынды дамып келеді. 

Screenshot_33.jpg

«Zaure Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өзін озық әрі әлеуметтік жауапты шаруашылық ретінде танытып үлгерді. 2023 жылы бұл компания Ақсу ауылында жалпы аумағы 6 гектарды құрайтын заманауи жылыжай кешенін іске қосты. Жобаға 2,2 миллиард теңге инвестиция салынды. Жылыжай климатты басқару жүйесімен, тамшылатып суару сынды заманауи технологиялармен жабдықталған. Бұл жоғары сапалы көкөністер өсіруге мүмкіндік береді.

Шаруашылық өз жұмысын көкөніс, тұқым және көшет өсіру бағытында жүргізеді. Аталған жоба Сайрам ауданының агроөнеркәсіптік кешеніндегі ең ірі жобалардың бірі болып табылады. Ол ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттырып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарының ашылуына да септігін тигізуде.

Жылыжайдың іске қосылуы, әсіресе қыс мезгілінде, нарықты жаңа піскен көкөністермен қамтамасыз етіп, импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік берді.

Бүгінде «Zaure Group» ЖШС-і айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп, тұрақты дамып келеді. Бір жарым жылдың ішінде жылыжай кешені нағыз «жасыл зауытқа» айналды. Жылыжай ішінде қызанақ, қияр, бұрыш пен баклажан сынды көкөністер өсіріледі. Тек 2024 жылдың өзінде 3 200 тоннадан астам өнім жиналды. 2025 жылы бұл көрсеткішті арттыру жоспарлануда.

Инфрақұрылым мәселесіне де ерекше көңіл бөлінуде. Акиматпен тығыз ынтымақтастықтың арқасында су, жарық және жер телімдеріне қолжетімділік мәселелері қысқа мерзімде шешімін тапты.

Кәсіпорын жетекшісі Жания Ашыкбекованың айтуынша, басты жетістік – тек мол өнім емес, сонымен қатар ауылдық жерлерде тұрақты жұмыспен қамту жүйесінің қалыптасуы. Бүгінде жылыжайда жұмыс істейтіндердің басым бөлігі – жергілікті тұрғындар. Оларға лайықты еңбек жағдайы мен тұрақты табыс қамтамасыз етілген. Бұл ауылдағы жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, халықтың туған ауылында еңбек етіп, туған жерін өркендетуіне мүмкіндік беруде.

Жылыжайда экологиялық тазалыққа ерекше мән беріледі. Барлық өнімдер зиянды химикаттар қолданылмай өсіріледі. Суару мен желдету жүйелері табиғи тепе-теңдікті сақтауға және ресурстарды үнемдеуге бағытталған.

«Zaure Group» компаниясының өнімдері ішкі нарыққа жөнелтіледі. Бұл өңірдің азық-түлік қауіпсіздігіне қосылған елеулі үлес болып табылады.

«Zaure Group» тек жылыжай ғана емес – бұл ауылдық аумақтардың тұрақты дамуына бағытталған инвестиция, жаңа жұмыс орындарының құрылуы және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру. Мұндай жобалардың алыста емес, өзіміздің ауданда, өз жерімізде жүзеге асырылып жатқаны маңызды.

Жыл өткен сайын кәсіпорын қарқынын арттырып келеді. Алда жаңа жетістіктер, жаңа гектарлар мен жаңа өнімдер бар екеніне толық негіз бар.

Экономикалық өсімге серпін. Мұндай ірі жобалар Сайрам ауданының ғана емес, жалпы Түркістан облысының экономикалық әлеуетін көтеруге ықпал етуде. Шаруашылықтың дамуы ауыл инфрақұрылымын жақсартуға, ауыл кәсіпкерлігін жандандыруға және өңірлік ЖІӨ-нің (жалпы ішкі өнімнің) артуына тікелей әсер етуде. Сонымен қатар, салық түсімдерінің ұлғаюы мен ішкі нарықтың сұранысын отандық өніммен қамтамасыз ету арқылы ұлттық экономиканың тұрақтылығына да оң ықпалын тигізіп отыр.

С.ӘШЕТ

Сайрам ауданының әкімі қызметінен кетті
Жайылымды жерлер қайтарылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу