Жайылымды жерлер қайтарылады

Oinet.kz 26-07-2025 21

Жайылымды жерлердің тиімді пайдаланылуы – ауыл шаруашылығының, соның ішінде мал шаруашылығының дамуына серпін береді. 

Screenshot_34.jpg

Ал ауыл шаруашылығы – еліміздің экономикалық тіректерінің бірі. Мал өнімдерінің сапасы мен көлемі артқан сайын, ішкі нарықта азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі, ал артық өнімді сыртқы нарыққа экспорттау арқылы экономикалық кіріс көбейеді.

Сонымен қатар, жайылымдарды дұрыс игеру – жұмыс орындарын көбейтуге, ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға әсер етеді. Бұл – ауыл экономикасының жандануына тікелей жол ашады.

Мемлекет тарапынан жайылымдық жерлерді қайтару, оларды әділетті бөлу және тиімді басқару мәселелері шешімін тапқан сайын, ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі де ұлғаяды. Бұл өз кезегінде өңірлік жалпы өнімнің артуына, жергілікті бюджеттің толығуына ықпал етеді.

Сондықтан жайылымдарды сақтау мен тиімді пайдалану – тек табиғатты қорғау емес, сонымен бірге экономиканы нығайтудың, ауылды дамытудың, елді көркейту жолының ажырамас бөлігі болып табылады.

Жайылымдарды басқару мен қорғау ісі – аудан мен ел экономикасының тұрақты дамуының маңызды тетігі.

С.Әшет

Тамшылатып суару – заман талабы
Сайрамдықтар жылыжайдан табыс тауып отыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу