Сайрам агро: Аудан экономикасының жаңа діңгегі
Сайрам ауданы Түркістан облысының агроөнеркәсіп саласындағы ірі өңірлердің бірі болып табылады.
Аудан экономикасын нығайту және ауыл шаруашылығы өндірісін тереңдету мақсатында өңірде бірқатар маңызды жобалар іске асырылуда. Солардың бірі – «Сайрам Агро» индустриалды аймағы.
Бұл индустриалды аймақтың құрылуы ауданның агроөнеркәсіптік әлеуетін арттыруға бағытталған. Жобаның басты мақсаты – ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге мүмкіндік беру, ауыл шаруашылығы саласын жаңғырту және өңірдің экономикалық дамуын күшейту. Осылайша, бұл аймақ жаңа инвестицияларды тартуға және жұмыс орындарын ашуға серпін беріп, Сайрам ауданын агроөнеркәсіп саласының көшбасшысына айналдыруды көздейді.
«Сайрам Агро» индустриалды аймағының жалпы аумағы көлемді болмақ. Бұл аймақ Сайрам ауданы, Арыс ауылдық округінде орналасып, оның құрылыс жұмыстары мен инфрақұрылымдық жобалары бүгінде басталып кеткен. Жобаның аясында мал бордақылау алаңдары, мал сою және терең өңдеу цехтары, тауарлы сүт фермалары мен органикалық биоотын өндірісі көзделуде. Жобаның іске асу мерзімі 2026–2028 жылдар аралығы деп белгіленген.
Аймақтың құрылымдық компоненттерінде мал бордақылау алаңдары мер мен мал сою орындары жоспарланған. Бұдан басқа, жобаның аясында сүт өнімдерін терең өңдеуге арналған кешендер мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін зауыттар да бой көтереді. Мұның барлығы ішкі нарықтың қажеттіліктерін ғана қанағаттандырып қоймай, сыртқы нарыққа да өнім жеткізу мүмкіндігін береді.
«Сайрам Агро» индустриалды аймағының құрылысын жүргізу барысында инфрақұрылым мәселелері шешіледі. Аймаққа су, газ, электр энергиясы мен жол жүйелері тартылып, екі су ұңғымасы тереңдетіледі. Сонымен қатар, аймақтағы тұтынушылар мен кәсіпорындарға тұрақты су жеткізу үшін 500 тонна су резервуары орнату жоспарланған. Бұл инфрақұрылымдық жаңашылдықтар аймақтың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Аймақтың тағы бір ерекшелігі – оның логистикалық тұрғыдан тиімді орналасуы. Аймақтың Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық тасжолы бойында орналасуы өнімді өңірлер арасында таратуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, А2 автомагистраль жолының жақын болуы да бұл аймақтың өнімдерді ішкі және сыртқы нарықтарға жеткізу тиімділігін арттырады.
«Сайрам Агро» индустриалды аймағының іске қосылуы аудан экономикасына үлкен серпін береді. Бұл жоба жаңа жұмыс орындарын ашып, Сайрам ауданының еңбек нарығын жаңғыртады. Сонымен қатар, аймақтағы жаңа кәсіпорындар ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге мүмкіндік беріп, ауданның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Жобаның жүзеге асуы ауыл тұрғындары үшін қосымша жұмыс орындарының пайда болуына жол ашады. Жаңа өндіріс орындарының ашылуы ауданның жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ықпал етеді.
С.СӘУЛЕБАЙ